СЫРЛАРЫ ЖЫРМЕН ӨРІЛГЕН АҚЫН

17 сәуірде, сағат 11.00-де көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, экономика ғылымы­ның докторы, Халық­аралық ақпараттандыру академиясының академигі Нәзікен Алпамыс­қызының шығар­машылығына арналған «Ойшыл-сыршыл жырлармен өрнектелген өнегелі өмір иесі» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.

 Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (мекен-жайы: Достық даңғылы, 13) кон­ференц-залында өтеді. Ұйымдастыру­шылар – Фило­логия және көптілді білім беру институты, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, Оразалы Дос­босынов атындағы жас айтыскер ақындар орталығы, С.Сейфуллин атындағы әдеби-шығармашылық өнер бірлестігі.

Әдеби-танымдық кешке қатысатын қонақтар: әнші, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпе­жанова, ақын, Қа­зақстан Республика­сының алғашқы Әнұранының автор­лары­ның бірі, «Құрмет» орденінің, Халықара­лық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жадыра Дәрібаева, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Баян Бекетова.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *