Сыраның арқасында аман қалды

Вьетнам дәрігерлері метанолдан уланған науқасты бес литр сыра құйып аман алып қалды.

Науқасты ауруханаға алып келгенде оның қолындағы метанол деңгейі мың есеге артып, оның денсаулығына қауіп төнген. Дәрігерлер сағат бойына оған сыра құйып отырған. Осы ем-домды ақырындап жүргізудің арқасында алдымен оның бауыры тазарған. Уды у қайтарады деген осы шығар. Сөйтіп, оның қанына сіңіп қалған алкогольді ішімдіктер біртіндеп азайған.

 

Мұрындағы сақина

Британ қалашығының тұрғыны Китли он екі жыл бойы мұрнында сақина жүргенін аңғармаған.

Бір күні жиырма жастағы ол тал түсте үйінде демалып отырып түшкіріп қалады. Бір кезде қолындағы орамалына сақина түседі. Ол оны 2007 жылы жоғалтқан. Бұл сақинаны оған анасы 8 жасқа толғанда сыйлаған. Сақинаның жолғалғанын шешесі Китлидің достарынан көріп жүр еді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *