Сырқат балаларды қуантты

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Биылғы мектеп бітіруші түлектердің  «Мейірімділік қоржыны»  қайырымдылық акциясына қала аудандарындағы мектеп бітіруші түлектердің барлығы қолдау білдірді.  Жас түлектердің мектеп бітіру кешінен бас тартып, оған жұмса­ла­тын шығынды  көмекке мұқтаж балаларға  арнау жөнін­дегі игі  бастамалары қасиетті Рамазан айындағы сауапты істердің бірі болып отыр. 

Өз өмірлеріндегі естен кетпес кештің қызығын қиып, оны қайырымды істермен атқаруды жөн санағандардың қатарында Наурызбай ауданындағы  №188 мектептің  бітіруші түлектері де бар. Мектеп бітіріп,  үлкен өмір жолы­на қадам басқалы отырған №188 мектептің 11-сынып оқушылары Республикалық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлімшесіне барып,   бөлімдегі  қатерлі дертке шалдыққан балаларды  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, оларға жаңа үлгідегі түрлі-түсті теледидар  мен тәттілерді сыйға тартып, қуантты.

Дертке шалдығып, қамкөңіл болып жатқан балалар мен олардың ата-аналары балаларын қуантып, бір сәтке болса да оларға  дерттің ауыртпалығын ұмыттырған жас түлектерге баталарын беріп, алғыстарын  айтты.  Ал енді      қалаған уақыттарында өздерінің сүйікті мультфильмдері мен киноларын көруге мүмкіндік алған балалардың қуанышында шек жоқ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *