СЫЙЛЫҚ АЛУ ҮШІН АЛЫСЫП КЕТСЕМ…

Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ, режиссер:

– Осыдан екі-үш жыл бұрын «Аманат» фильмін түсіру барысында Е.Бекмахановтың архивін зерттей отырып, талай мәлімет таптым. Ресеймен соғысқанда Т.Кастюшко сарбаз­дарының қатарында болып, тұтқынға түскен поляк офицерлерінің барлығы Сібір мен Қа­зақстанға жер аударылған екен. Архив материалдарын қарасақ, Кенесары сарбаздарының ішінде де поляктар болған. Мұны «Қаһарда» І.Есенберлин де жазған. «Аманатты» түсіріп болғаннан кейін ойлана келе, есіме А.Янушкевич түсті. Баяғы өзім қатты әсер алған күнделіктерін қарап шықтым да, қайтадан осы тақырыпқа аңсарым ауды.

…Иә. Сыйлық алу үшін алысып кетсем, кете берер едім және әлі де 5-6 сыйлық алып келер едім. «Аманат» «Оскарға» ұсынылғанда Америкада бір ай жүрді. Сонда қазақ деген ел бар екенін саясаткерлерден басқа ешкім білмейді, тіпті Пәкістан, Ауғанстанмен шатастырады. Негізі, ұлттың ұлт екенін танытатын – ең біріншіден, өнер. Баяғыда Америка «ұлы дағдарыс» кезеңін бастан кешкенде ел басшысы Голливуд режиссерлерін шақырып алып: «Американың образын қалыптастыратын дүниежүзілік фильм жасаңдар», – деп тапсырма берді. Идеологиялық майдан солай басталды. Америкалық мәдениет үстемдік ете бастады. Сөйтіп, бәріміздің ішімізге вирус түсті. Содан арылу үшін не істеуіміз керек? Ол үшін тарихымызды көрсететін ұлттық кино түсіруіміз керек.

(«Жас Алаш», 23.05.2019 ж.).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *