СЫЙАҚЫ МЕН ӨТЕМАҚЫНЫ АЛА АЛМАЙ ҚАЛМАҢЫЗ!

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Bankі» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына бүкіл ел бойынша өтем төлеуді жалғастыруда. Салымшылар – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жинақталған сыйақымен қоса, салымдар бойынша өтемді  ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары арқылы   алуда.

«Астана Банкі» АҚ. «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу жеке тұлғаларға қызмет көрсететін «Еуразиялық банк» АҚ агент-банкінің барлық бөлімше­лерінде жүргізілуде. ҚДБКҚ қазірдің өзінде міндеттеме­лердің 98%-ын өтеді.  36,7 миллиард теңге төленді, оның ішінде 23 миллиард теңге алғашқы екі күнде төленген болатын. Төлем беру басталған күні қарбалас бола қойған жоқ; ҚДКБҚ және агент-банк бөлімшелерде өтініш беру және тексеру процесін жеделдету және салымшыларға қызмет көрсету тиімділігін арттыруда барлық күш-жігерін жұмсады.

«Qazaq Bankі» АҚ. Өтем төлеу Қазақ­стан аумағындағы «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкінің барлық бөлімше­лерінде жүргізілуде. ҚДКБҚ іс жүзінде салымшылардың алдындағы өз міндеттеме­лерін өтеді:  20,1  миллиард теңге  – са­лым­шы­лардың алдындағы міндеттеме­лердің бастапқы сомасының  98%-ы  төленді.

«Қазақстан Эксимбанкі» АҚ. Төлем Ұлттық почта операторы – «Қазпочта» АҚ-ның орталық бөлімшелерінде Қазақстан­ның бес қаласында жүргі­зілуде. Эксимбанк салымшыларына 257 миллион теңге – міндеттемелер сомасының 99%-ы төленді.

Осы үш банктің салымшыларына өтеу сомасының қалдығы міндетте­мелердің бас­тапқы сомасының  тек 3%-ын (1,5 мил­лиард теңге) құраға­нына қарамастан, төлем алу үшін 230 мыңнан астам адам (81%) хабарлас­қан жоқ. Өтініш білдірмеген салым­шылардың негізгі бөлігі  – 220 мың адам – бұл «Астана Банкі» АҚ салым­шылары.

Нәтижесінде, сауалнама қорытын­ды­лары салымшылардың 19%-ы төлем алуға өтініш білдіргенін көрсетті, 19%-ы төлем мерзімінің соңына дейін өтініш білдіруді жоспарлап отыр, салым­шылардың қалған 62%-ы кепілдік берілген өтем сомасын алуға өтініш білдіруді жоспарлап отырған жоқ.

ҚДКБҚ қызметкерлері «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ және «Qazaq Bankі» АҚ-ның барлық салымшыларына қоңырау шалып, «Астана Банкі» АҚ барлық салым­шыларына және ҚДКБҚ байланыс орталығы бірнеше рет СМС-хабарламалар жіберді, сондай-ақ, агент-банк төлем туралы ақпа­раттан­дыру мақсатында «Астана Банкі» АҚ салымшыларының әрқайсы­сына қоңырау шалуды әлі де  жалғас­тыруда.

Қазіргі уақытта агент-банктер арқылы өтем төлеудің аяқталуына бірнеше ай қалғандықтан, ҚДКБҚ-ның агент-банкке әлі өтініш білдір­меген салымшыларды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кез-келген бөлім­шеге кез-келген ыңғайлы күні келіп өтініш беруге шақырады:

  • 24 маусымға дейін – «Qazaq Bankі» АҚ салымшылары «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-на,
  • 26 шілдеге дейін – «Астана Банкі» АҚ салымшылары «Еуразиялық банк» АҚ-ға,
  • 4 тамызға дейін – «Қазақстан Эксим­­банкі» АҚ салымшылары «Қазпочта» АҚ-ға.

Таратылған банктердің салымшы­лары­на өтем төлеу салымшылардың өтініштері бойынша жүргізіледі.  Ақша агент-банк­терде қарастырылған және кез-келген сәтте алуға қолжетімді. Агент-банк арқылы төлем мерзімі аяқталғаннан кейін өтемді тікелей ҚДКБҚ-дан алуға болады.

Депозит мөлшері кепілдік берілген сомадан (5/10/15 миллион теңге) асатын салымшылар – ал мұндай салым­шылар тараты­латын үш банк бойынша 2 мыңдай   (салымшылардың жалпы санының 0,7% ) – тарату комис­сияларымен жүзеге асыры­латын болады.

Банк кредиторлары әрбір банктің тарату жылдамдығын, тиімділігін және кірістілігін бақылай алады. Бұл бақы­лау кредиторлар комитеті арқылы іске асырылатын болады, онда әрбір кезек­тегі ең ірі кредиторлар заңды және тұрақты негізде қатысатын болады.  Банк таратылған кезде ақша бір кезек­тегі барлық кредиторлар арасында тепе-тең бөлінетіндіктен, кредиторлар­дың барлық өкілдері тарату процесінің жыл­дамдығы мен тиімділігіне мүдделі. ҚДКБҚ сондай-ақ кредиторлар комите­ті­нің құрамына кіреді және тарату процесінің барысы туралы хабардар ететін болады.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы және өтемді төлеуге және тарату комис­сиясының жұмыс тәртібіне байланысты барлық мәселелер бойын­ша консульта­ция­ны колл-орталықтан алуға болады: 1460, @KDІF_ASK  Телеграм-чатында және ҚДКҚ  веб-сайтында www.kdіf.kz.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *