Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс

Қоғамымызда сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен ол жайлы түсінік тыйылмай келе жатқаны рас. Бұған қарсы күрес жүргізіліп, заңдар жұмыс істеуде. Сол себепті, мектеп оқушыларын осы бастан адалдыққа, кісінің ала жібін аттамауға баулу мақсатында білім шаңырақтарында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары құрылып жатыр. Бұл бастаманы біз де қолдап, Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында қазанның 22-сі күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мектепішілік слеті өтті. Слетке аудан мектептеріндегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жетекшілері мен мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасарлары, тәлімгерлер қатысты.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім саласында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптас­тыру мен қатар, жаңа серпін беретін, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы азаматтық-патриоттық қағидаттарды жетілді­ретін үлкен ұйымдардың бірі.

Шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңадан қатарға қосылғандарға арнайы галстук пен төсбелгілер берілді. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Мәншүк Сапиқызы өз ұсыныстар мен пікірлерін айтты.

Мектеп-гимназиямызда 2016 жылы құрыл­ған «Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын жалғас­тырып келеді. Клуб құрамына 5-10 сынып оқушылары енген. Бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары жасал­ған. Бүгін құрылған «Адал ұрпақ» клубының жұмысы сол жоспармен астасып, оны байыта түседі. Клуб мүшелері адалдықтың, тәртіптің үлгісі болып, жемқорлыққа қатысты мемлекеттік мәселелерді біліп жүретін болады.

Өзгелер «Адал ұрпақ» клубынан өнеге алады. Жалпы, клубымыз оқушыларға құқық­тық тәрбие беруге, құқықтық мәдениетті қалып­тастыруға бағытталған. Біз осы клуб арқылы балаларды адам­гершілікке, ар-ұятты, абыройды ойлауға, кісі ақысын жемеуге, біреудің ала жібін аттамауға, мем­ле­кеттік мүлікті бүлдірмеуге үйретеміз. Клубымыздың жұмысына сәттілік тілеп, оның алғашқы қадамын салтанатты түрде ашып бердік. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары слетінің оқушыларға әсері мол болды.

Қуандық ДОСҚАЛИЕВ,

№176 мектеп-гимназиясы директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *