СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша  филиалының мәжіліс    залында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

  Дөңгелек үстелге ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері  Мұқаш Нүсіпов, Алматы қаласы Тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  департаменті басшысының орынбасары Әсел  Қалықова,  «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Қазақбай Қасымов, департаменттің персоналды  басқару қызметінің басшысы Зейнолла Салқынбаев, департаменттің  Әкімшілік-құқықтық  қамтамасыз ету және  мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің сапасын  бақылау  бөлімінің бас маманы Мейірхан Мұхамедиев, осы бөлімнің  жетекші маманы  Ақжол   Әбдірамановтармен  қатар зертхана меңгерушілері, бөлім басшылары және мамандар қатысты.

Дөңгелек үстелді  «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры  Алтай Әлиханұлы ашып, Елбасының Жарлығымен  қабылданған «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  Стратегия», оның негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шаралар   талқыланды.

Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050» Стратегиясының маңызды міндеттері және Қазақстанның  дамыған 30 елдің  қатарына кіру мақсаты, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері туралы да тағылымды  әңгіме өрбіді. ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері  Мұқаш Нүсіпов сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы  және  осы бағытта атқарылып  отырған іс-шараларға  тоқталды. Жемқорлық жөнінде  дайындалған бейнебаян  көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында біздің филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және т.б. Заңдарын басшылыққа алады.

Филиалдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан істер туралы филиал директорының орынбасары  Жұмаш Мұхамедияұлы әңгімеледі. Алматы  қалалық   Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары  Әсел Тоқанқызы  болашақта филиалмен  тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жүргізудегі  өз ұсыныстарын ортаға салды.

– «Nur Otan» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізіп келеді. Жемқор адамдарды халық алдында әшкерелеп, жазасын беруде. Бірақ ол жеткіліксіз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек, – деді «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Қазақбай Қасымов.

 

Гүлмира  МЕРАЛИНА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *