Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек

Рая ЕСКЕНДІР

 Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Саналы ұрпақ» жобалы кеңсесі мен қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты семинар болып өтті.

Семинар-кеңесті қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева ашып, жүргізіп отырды. «Саналы ұрпақ» жобалы кеңсесі сәуір айында құрылған болатын. Оқу жылының соңында №159 гимназияның мәжіліс залында мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілерімен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар жоспары туралы кеңінен айтылған еді. Бұл жолғы кездесуде де «Саналы ұрпақ» жобалы кеңсе басшысы Қ.Тоқұшев сөз кезегін алып, білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін технологиялардың тиімділігі туралы кеңінен баяндады.

Білім саласындағы бөлінетін бюджет қаражаты, мемлекеттік сатып алу, оқу процесі, жатақхана­лардағы орын алу мәселелері кездесу кезінде жан-жақты сөз болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы айтылды.

– Бұл жолды ең басты мәселе – алдын алу шаралары болып табылады. Сыбайлас жемқор­лыққа жол бермеу үшін мектеп, балабақшалардан бастап, саналы ұрпақ қалыптастыруымыз керек деген кеңсе басшысы мектеп, колледж қызмет­керлері мен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтерін бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, бюджет қаражатын жұмсау туралы шешім қабылдауды іске асыру және қолдануды ашық түрде қамтамасыз ету керектігі де айтылды.

Осы кездесуде 2018–2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі іс-жоспарлар әзірлеу және оны бекіту туралы пікірлер тыңдалды. Соңғы кездесуде барлық білім ошақтарында қамқоршылық кеңестері құрылған.

– Бұл кеңеске мүше болып сайланған ата-аналар Қамқоршылық кеңестің қызметінен бейхабар, тіпті таныс емес. Бұл кеңестің ережесі, міндеті туралы еш хабарсыз. Сондықтан бұл кеңестің міндет-мақсаты туралы кеңінен түсіндіріп, жұмысын жандандыру керек, – деді Қ.Тоқұшев.

Келесі кезекте сөз алған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар»  ғылыми-зерттеу институтының директоры, з.э.к. Қ.Үсейінова жиналғандарға «Саналы ұрпақ» жобалы кеңсесінің білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің жаңа тетігі екендігі туралы баяндау, бағалау жүйесін құруды ұсынды.

Кездесу соңында қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Әуезханқызы білім саласы қызметкерлерін өз жұмыстарын адал атқаруға шақырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *