Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру – қоғам қажеттілігі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасын алға жылжыту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, рухани-мәдени құндылықтарымызды сақтау мақсатында жыл сайын Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды. Мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп береді. Халыққа арнаған биылғы Жолдауында, бағдарламалы мақалаларында Елбасы әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, мемлекеттік, яғни бюджеттік сала қызметкерлерінің мәртебесіне бөлек тоқталып, олардың жалақысын, мәртебесін көтеру қажеттігін айтты.

Президент әрбір кездесуінде егемен елдің ертеңін қалыптастыратын ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар қауымының әлеу­меттік жағдайын дұрыстау, олардың мәртебесін көтеруді де сөз етеді.

Және де алға жылжыған қоғамның негізгі қозғаушы күші мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық­тан ада болуы қажеттігін баса айтады. Ал жемқорлықсыз қоғам құру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру қажет.

Сыбайлас жемқорлық – кез-келген алға ұмтылған қоғамның дамуын тежей­тін дерт. Биліктің ең төменгі тармағынан бастап, жоғары деңгейге дейінгілердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бүгінгі қоғам­дағы басты мәсе­лелердің бірі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын сыбайлас жемқорлық нәти­жесінен қорғауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлер жұмы­сының тиімділігін арттыруға бағыт­талған. Заңбұзушылықты болдыр­мау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жолдарын қарастырған.

Осынау Заңның үстемдік құрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықты бол­дырмау мақсатында төмендегідей іс-әрекеттер ұсынылады.

– Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;

– Коррупциялық заңбұзушылыққа әсер етуші факторлар мен себептерді анықтап, олардың алдын алу;

– Мемлекеттік субъектілердің сы­байлас жемқорлыққа қарсы қимылда өзара байланыстарын нығайту;

– Сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық серіктестікті күшейту;

– Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін заңбұзушылықтардың алдын алу, болған жағдайда анықтау, зерттеп, іс жүргізу.

Біздің ұжым – «Қазақстан Камера­тасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазына­шылық кәсіпорны бюджеттік мекеме. Санаулы ғана музыканттар мен қыз­меткерлерден құралған. Біз өз ұжы­мымызда ҚР Президенті Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларды түсін­діру мақсатында жиындар өткізіп, тал­қылап отырамыз. ҚР «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл туарлы» Заңы да «Қазақ­стан Камератасы» ұжымында талқы­ланып, қорытындылар жасалынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе. Біздің ұжым да жемқорлықтан ада, таза қоғам құруда Қазақстан хал­қымен бірге өз үлесін қосады.

 

Гауһар МЫРЗАБЕКОВА,

«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі РМҚК директоры,

ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *