СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ БІРІ БІЛІМ САЛАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты    Қазақстан халқына Жол­да­уында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесіне сәйкес, 2018 жылдың аяғынан бастап Алматы қаласында «Алматы – адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда.  

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақ­стан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясындағы негізгі басымдықтардың бірі азамат­тардың мемлекеттік институттарына сенімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың тиімді­лігін арттыру  және жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, жоба тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен  білім саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мен қоғамдық бақылауды жетілдіру.

Алматы қаласында білім беру саласы халықтың басым бөлігін қам­тиды. Мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары мен ата-аналарын есептегенде бұл көрсеткіш қала халқы­ның жартысынан көбіне жетеді. Бұдан басқа, білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарына да белсенді қатысады.

Осыған байланысты білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясат­ты іске асыруға ерекше назар аударуды және белсенді түрде қаты­суды талап етеді.

Сондықтан «Алматы – адалдық алаңы» жобасының негізгі басымдық­тарының бірі білім саласы. Бүгінгі таңда үлкен мегаполисте білім сала­сында тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы жағдай туғызу бағы­тында айтарлықтай ауқымды жұмыс­тар атқарылуда.

Біріншіден,  «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында  Алматының барлық мемлекеттік мектептері 100% кең жолақты интернетпен, Wі-Fі-мен, мультимедиялық контентпен, жабдық­пен қамтамасыз етілген.

Екіншіден, қазіргі таңда қала мектептерінде «Ата-аналардың қонақ бөлмесі» жобасы іске қосылды. Әрбір мектепте кабинет жабдықталып, онда жеке әңгімелесу үшін жайлы жағдай­лар жасалған, бұл мұғалімдерді, ата-аналарды және балаларды белсенді әрі тиімді қарым-қатынас жасауға дайын­дау үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жоба ата-аналар және Қазақстан Республи­касының Білім және ғылым министрлігі тарапынан оң бағасын алды.

Үшіншіден, Алматы қаласының жалпы білім беретін 202 мектебінде, 83 коллежде, 38 жоғары оқу орындарында «Білім саласында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптасты­руға бағытталған» бірыңғай сағат өткізіліп, 98 000 оқушылар мен студент жастар қамтылды.

Төртіншіден, Жастар жылына орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойын­ша департаменті, «Саналы Ұрпақ», «Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңселерімен бірлесе отырып, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Жастар форумын өткізді. Жастар форумына Алматы қаласы ЖОО-ның 1600 студент қатысты.

Бесіншіден, «Алматы – адалдық алаңы» жобасы аясында бүгінгі күнге дейін  Алматы қаласында 79 «Адалдық дүкені» ашылды. Оның ішінде: 63-і мектепте, 10-ы Алматы қаласының жоғары оқу орындарында және  6-уы мемлекеттік колледждерде ашылды.

Алтыншыдан, білім беру процестерін басқарудың  барлық жүйелерін біріктіру мақсатында қала колледждерінде «Сандық колледж» (Dіgіtalcollege) жобасы шеңберінде бірыңғай сандық платформа құрылды. Платформаның көмегімен студенттер мен колледж әкімшіліктері арасындағы өзара іс-қимыл оқу және емтихан кезеңдеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоспағанда, транспарентті, сандық форматта жүзеге асырылатын болады.

Жетіншіден, Алматы қаласы білім басқармасымен бірлесе отырып, 2018-2019 оқу жылына арналған оқушы­ларды, мұғалімдер мен ата-аналарды жемқорлыққа қарсы оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Сегізіншіден, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтау мақсатында Алматы қаласы­ның жоғары оқу орындарының сту­денттері арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға  университет­тердің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

Қаланың 33 жоғары оқу орында­рында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша жалпы индексі 5 балл өте жоғары саналатын мүмкін­діктен 4,60 балды құрады,  студенттердің 71,6%-ы  пара, сыйлық, оқытушы­лармен жеке байланыс кездеспеген,  студенттердің 66,5%-ы «Академиялық адалдық» жобасының жұмысы дұрыс жолға қойылғандығын атап өтті. Сауалнама барысында кейбір жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптас­тыруға бағытталған жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмейтінін көрсетті.

Тоғызыншыдан, ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары, «Алматы – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі А.Қы­рықбаевтың, ЖОО-ның   ректорларла­рының,  «Sanaly urpaq» жобасы қыз­меткерлерінің қатысуымен жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы бо­йын­ша кеңес өткізіліп, әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша өзекті мәселелер жан-жақты талқы­ланды.

Оныншыдан, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы білім басқармасы бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі басымдықтары, мақсаттары мен бағыттарын талдау мақсатында семинар-кеңес өткізді. Кеңеске қатысушыларға мемлекеттік қызмет  пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды жобалар «Алматы – адалдық алаңы», «Protestіng busіness and іnvestments», «Саналы ұрпақ» және «Адал жол» қоғамда және білім саласында жүргізіліп жатқан жұмыстары  оң нәтижесі жатқандығын     атап өтті.

Қорыта айтқанда, Алматы қала­сын­дағы жоғары оқу орындарындағы сауалнаманың қорытындысы бойынша ең жоғары саналатын 5 балдан  4,60 балл жинаған жоғары оқу орында­рында жемқорлықтың деңгейі төмен екендігін көрсетті. Сонымен қатар, Алматы қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Алма­ты қаласы 7 жыл қатарынан респуб­лика бойынша бірінші орында, ал  мектептердегі заңсыз ақша жинау бойынша шағымдар саны бүгінгі таңда  айтарлықтай төмендеді.

 

Елнар ИГІЛІКОВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *