Суық су уақытша тоқтатылады

«Алматы су» МКК жаппай қысқа қамдану жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда қаланың кейбір аудандарында суық су уақытша тоқтатылады.

2 қараша күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін:

Алмалы, Бостандық аудандарында орналасқан Тимирязев – Назарбаев – Шевченко – Желтоқсан көшелері шаршысындағы тұрғын үйлер мен нысандарда ауыз су болмайды.

Жөндеу жұмыстарына жақын орналасқан денсаулық, білім орталықтары су тасығыш көліктер арқылы сумен қамтамасыз етіледі.

Қосымша ақпаратты: 274-66-66 телефон нөміріне хабарласып, білуге болады.

Тұтынушыларды уақытша келтірілген ыңғайсыз­дықтарға  түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

«Алматы су» МКК баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *