Сурет салатын ит

Канадада Хантер («Ғажап балақай») атты ит тұрады. Ол әу баста кәдімгі көп итттің бірі ретінде тірлік кешетін. Уақыт өте келе оның суретшілік таланты ашылды.

К.Ау және Д.Ло атты ерлі-зайыптылар қабырғаны бе­зендіруді ойлағанымен, қолайлы ештеңе таба алмай бастары қатады. Бір кезде ерлі-зайыптыларға бір тосын ой келді. Хантердің аузына қылқалам таяқшасын салып, оның әрекетін күтеді.

Иттің шығармашылық жұмысының нәтижесі оларды таңқалдырғаны сонша, олар инстаграмнан оған арнайы парақша ашады. Парақшаны пайдаланушылардың иттің шығармашылығына қызыққаны сонша, оның картина­ларын 40 долларға дейін сатып алған.

Иелерінің айтуынша, Хантердің сурет салуға берілгені сондайлық, ол тіпті қыңсылап, шығармашылық шабыты көтеріңкі болатын көрінеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *