СТУДЕНТТІҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

Студенттік жылдардың адам өмірін­дегі орны тіпті ерекше. «Жастық шақ – ерлік жасар шақ» деп француз жазушысы Мари-Анри Бейль Стендаль айтқан­дай, бұл кезеңде адам өткір, батыр да батыл болады. Кейбір істің соңын ойла­май қалатын көзсіз батырлыққа да баратын кез бұл. Дегенмен, бүгінгі студенттің жәй-күйі қалай?

Баяғы біздің студенттік шақты еске алсақ, тіпті еріксіз езу тартасыз. Жатақ­хана ко­мен­данты Надежда Довгайдың айқайына қарамас­тан, сту­денттер бөлмесін өткізбестен ауыл-ауыл­дарына тартып оты­ра­тын. Кейін күзде келгенде «қара тізімге» ілініп, жатақхана ала алмай, біраз әуреге түс­етін. Бірен-саран сту­дент болмаса жұмыс істеп, қалада қала­тыны санаулы болушы еді.

Бүгінгі студенттің көбі еңбек­ке ерте араласып кетеді. Мұның студент үшін тиімді жағы болса, оқуына кедергі келтір­мес пе екен дейсіз кейде. Жалпы, сту­дент жастар жазғы демалы­сын қалай өткізіп жатыр екен? Осыған орай, бір топ сту­дентпен сауал­дасқан едік, олардың пікірлерін жариялап отыр­мыз.

ЖАНЕРКЕ:

–       Жаз мезгілі басталысымен бос уақытым көбейеді. Сон­дықтан дема­лыс уақытын пайда­лы іспен өткізуді жөн көрдім. Болашақта магистра­тураны шет елде оқуды жоспарлау­дамын. Сондықтан ағылшын тілін үйрену үшін курстарға баруды баста­дым. Қазіргі уақытта ағылшын тілі деңгейім әлдеқайда жақсарды. Егер шет елге шыға қалсам, жөн сұрай­тындай сөйлей аламын. Алдағы мақсатым — ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеріп, арманыма қол жеткізу.

 

ТЕМІРЛАН:

–       Студент болғандықтан бос уақытымды жұмыс істеумен өткізуде­мін. Ата-анама көмекте­сіп тұрамын. Өз-өзімді заман талабына  сай жаңа киімдермен, смартфон, ноутбук секілді гаджет­термен қамтамасыз етемін. Сабақ кезінде де жұмыс істейтін­мін. Уақытты тиімді пайдалана білсең барлығына да үлгеруге болады екен. Жақында анам екеуміз Испанияға демалуға бармақшымыз. Анама осын­дай тосын сый жасадым.

 

АЛМАТ:

–       Қазіргі кезде репетитор­лықпен айналысамын. Балаларға ағылшын тілін үйретемін. ҰБТ-ға дайындықты жаздан бастайтын балалар да бар. Солармен бірге жұмыс істеймін. Өзім де 1 жыл бұрын ҰБТ тапсырғанмын. Оқушы­лармен өз тәжірибеммен бөлі­сіп, қандай білім беру орталықтарына баруға болатыны туралы, болашақ мамандықтар, т.б. байланысты кеңес беремін.

 

АЙГЕРІМ:

–       Жаз басталысымен жұмыс іздеуге кірістім. Қазір қаладағы сауда ойын-сауық орталығында киім дүке­нінде жұмыс істеймін. Жұмысым да, жұмыс істейтін ұжымым да өзіме қатты ұнайды. Аптасына 6 күн, 6 сағат жұмыс істеймін. Өзіме ыңғайлы уақыт­қа байланысты орталық әкімшілігі жұмыс кестесін жасап берді. Қазірдің өзінде жаңа киімдер, кітап, дәптерлер алу үшін біраз қаржы жинап қойдым.

 

ӘНЕЛ:

–       Мен ІT университетінің ақылы бөлімінде оқимын. Сон­дықтан ата-анама көмектесуге тырысамын. Осыдан 2 жыл бұрын лашмейкер мамандығы бойынша курсты тәмамда­ған едім. Қазір сүйікті ісіммен үйде айналысу­дамын. Әлеуметтік желіде өз парақшам бар. Клинеттерді тарту үшін жұмыстарымды салып қоямын. Салондарда бөлмені жалға алу көп шығынды қажет етеді. Сондықтан үйде жұмыс істеу тиімдірек. Сәтін салса, өз салонымды ашу да ойымда бар.

 

ЕРБОЛ:

 

– Жыл  сайын жаз мезгі­лінде ата-анам «үйге көмектесесің деп» ауылға шақырады. Ұл бала болған­дықтан, қаладағы өміріме алаңдайды. Өзім де туған-туысқан­дарымды бір жыл бойы көрмегендіктен сағынамын. Ата-анам кішігірім шаруашылықпен айналы­сады. Бала кезімнен бері үй жұмысын істеп үйренген­діктен, оларға көмекте­су қиын­дық туғызбайды.

Сауалнаманы дайындаған –

Рая ЕСКЕНДІР.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *