СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

201Рая ЕСКЕНДІР

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде Қазақ­стан Республикасы Парламенті Сена­тының депутаты, Қазақстан Жазу­шылар одағы басқармасының төр­ағасы Нұрлан Оразалинмен кездесу өтті.

Кездесу ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында және университеттің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында  ұйымдастырылды.

Жиынды университет ректоры Жексенбек Әділов ашып, қадірменді қонаққа сөз берді. Нұрлан Мырқасымұлы залда толып отырған студент-жастарға өзінің осы шаңырақта өткен жалындаған жастық кезеңін сағына еске алып, әдемі әңгімесін бастады. Сондай-ақ, Нұрлан Оразалин Елбасы Жолдауында өзекті мәселелер, соның ішінде, ана тіліміздің, тарихымыздың жайы, еліміздің болашағы туралы  баса айтылғанын айта келіп, Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. «Алдына үлкен мақсат қойған ел – ізгі мұраттарына жетеді. Сіздер, жастар, қоғам­ның иесі боласыздар! Сондықтан зайырлы қоғамның интеллектуалды тұлғалары болуларыңыз қажет. Ақылды, білімді болуларың керек», – деді.

Шара барысында  профессор Ұлықпан Сыдықов сөз кезегін алып, тақырыпқа қатысты өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, жастар атынан сөйлеген «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің мүшесі, 1-курс студенті Тілек Жұмабеков, 1-курс магистранты Нұржан Кішкенебаев Жолдауға қатысты өз ойларын жеткізіп, ақын Нұрлан Оразалин шығармашылығынан өлең оқыды. Кездесу университет жастарының күшімен дайындалған әдеби-музыкалық қойылыммен жалғасын тапты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *