Студенттер жасағына әлеуметтік жеңілдік жасау көзделуде

743– Қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері: «Студенттік құқық қорғау жасағының мүшелеріне тегін жол жүру билеті, ұялы байланыс төлемі мен оқу ақысын төлеуде жеңілдік қарастырылуы қажет деп санайды. Осы орайда ұсыныс қалалық әкімшілікке жолданды, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

– Бүгінде Алматыда 37 студенттер жасағы жұмыс істеуде. Оның құрамында 1 мың 23 студент қызмет етеді. Аталған жасақтардың басты міндеті – оқу орындарының маңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау. Жыл басынан бері студенттердің қатысуымен 2 қылмыс ашылып, 216 әкімшілік құқықбұзушылық әшкереленді. Сондықтан, бізге жәрдем жасайтын жасақ мүшелеріне әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылғаны жөн, – деді Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Төрехан Исин.
Қаңтар айында Заң колледжіндегі студенттер жасағының командирі, 3-курс студенті А.Батырбаева 5-ықшамаудандағы 3 «а» үйдің жанында тұрғанда, интернет-клубтан шыққан қыздың қалтасынан әмиянын ұрлаған белгісіз азаматты байқады. Ол болған оқиғаны дереу жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне хабарлады. Көп ұзамай ұрлық жасаған К. деген жігіт қолға түсті.
Студенттер жасағы сабақтан бос кезде көшелер мен саябақтар, сондай-ақ, жұрт көп шоғырланатын жерлерде жаяу күзетшілік етеді. 30 студент Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірге әр аптада 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы мен қалалық Орталық мәдениет және демалыс саябағында қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *