Студенттер де елші бола алады

Мен биыл әл-Фараби атын­дағы Қазақ Ұлттық университетінің журна­лис­тика факультетінің 1-курсын аяқтаймын. Қызықты дәріс­терден, сан қырлы семинар­лардан, жоғары дәрежедегі іс-шаралардан мол тәжірибе жинадым. Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелден­діруіне қажетті жағдайлар жасап отыр. Тәжірибелік және теориялық дәрістерді жоғары санаттағы аға оқытушылардың, шетелдік профессорлардың өткізуі студенттерді шыңдай түсуде. Сондай дәрістердің бірінде Колумбия универси­тетінің профессоры Абазов Рафиc Фани­совичпен таныстық. Ол университеті­міздің барлық факультетінің құрметті профессоры болып табылады.

Рафис Фанисович  Еуразия және Таяу Шығыстың экономикалық және саяси дамуы туралы бірнеше мақала және бірқатар кітаптың авторы. Сондай-ақ, «Model UN – New Sіlk Way» бағдарла­масының атқарушы директоры. «Model UN – New Sіlk Way» –  ой-талқы тәртібін­де және студенттік конференция ретінде өтетін әйгілі әлемдік бағдарлама. Бір күнде студенттер елшілерге айналып, БҰҰ өкілдері ретінде қатысады. Студенттер конференция  арқылы халықаралық келіссөздер кезіндегі өзара қарым-қаты­нас пен жүріс-тұрыс ережелерін жоғарғы деңгейде меңгереді. БҰҰ моделі – бұл демократия мәселесі туралы ой талқы­лауды жүзеге асырып қана қоймай, соны­мен қатар жұрт алдында сөз сөйлеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Профессор Абазов журналистика факультетінің ағылшын тобына «Публи­цистика» пәнінен дәріс оқиды және семинарлар өткізеді. Аталған пән студенттердің жазу қабілеттерін нығай­тумен қоса, көпшілік қауым алдында сөз сөйлеудің сырларын үйретеді.

Бізге осындай мүмкіндіктер жасап отырған ҚазҰУ-ға рақмет!

 

Ақбота БАЙМҰРАТОВА.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *