Стритболдан алматылықтар алда болды

Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің спорт кешенінде жоғары оқу орындарының нәзік жанды студенттері арасында стритболдан жарыс аяқталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілген жарыстың ашылу салтанатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Г.Т.Алдамбергенова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қорытындысында, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  спортшылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті алса, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының қыздары үшінші орыннан көрінді.

Жарыс ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы келісімімен ұйымдастырылды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *