Стойкович iс-тәжiрибесiн үйретуде

Нұржамал ТЕГIНБАЙҚЫЗЫ

Алматы қалалық Кардиология орталығында Белград университетi медицина факультетiнiң профессоры, Сербия Орталық клиникасының интервенциалды кардиология бөлiмiнiң меңгерушiсi С.Стойковичтiң қатысуымен шеберлiк класстары өтуде.

Бүгiнде жүректiң ишемиялық аурулары әлем дәрiгерлерiн алаңдатып, аурушаңдық жөнiнен алдыңғы орынды иеленiп отыр. Жылына жүрек қан-тамыры ауруларының салдарынан Дүниежүзi бойынша 650 мың адам қайтыс болса, оның 420 мыңын жүректiң жедел ишемиялық ауруымен ауырғандар құрайды. Бiздiң елiмiзде де соңғы 15 жылда жүректiң ишемиялық ауруы 1,5 есеге көбейген. Сондай-ақ, ауру өзiнiң жыл өткен сайын жасаруымен де кардиолог-дәрiгерлерiмiздi алаңдатып отыр. Аяқ-асты жедел жүрек талмасына ұрындыратын жүректiң ишемиялық ауруының алдын алу мақсатында Алматы қалалық кардиологиялық орталығының қызметкерлерi түрлi iс-шаралармен қатар, адам өмiрiн сақтап қалуға септiгi тиер күрделi операциялар жасаудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн игеруде. Соның бiрi – жүрек тамырларына коронароангиографиялық және тарылту (стенозирование) отасын жасау болып отыр.

– Жүректiң қан тамырларына мұндай күрделi операция жасауда өзiмiздiң де кардио-хирургтердiң тәжiрибесi жеткiлiктi, дегенмен өзгенiң озық дүниелерiмен таныс болған да артық емес шығар. Бiз мұндай iс-тәжiрибе алмасуды 2008 жылдан берi жүзеге асырып келемiз. Шетелден келген әрiптестерiмiз Орталық хирургтерiнiң жүрек кемiстiгiне жасап жатқан операциясына, мамандарымыздың бiлiктiлiгiне қызығушылық танытты, – дейдi Орталық директорының орынбасары Бейбiт Тоқтаров.

Өткен жылы орталық 270 адамның жүрегiнiң тәж артериясына, 1200 адамға коронароангиографиялық, 500 адамға қан тамырларын тарылту операциясы жасалып, 720 стент қойылыпты. Тәулiк бойы көз iлмейтiн кардиологиялық орталықта тәулiгiне мұндай 15-16 операция жасалады екен.

– Шеберлiк классы өткiзiлген 22-23-ақпан аралығында 30-ға жуық операция жасалды. Барлық операцияларымыз сәттi өттi. Шетелдiк әрiптестерiмiзбен бiрлесiп операция жасаумен қатар, «Асқынған инфаркт миокардасын емдеу интервеционды кардиологтар көзақарасымен, және «Коронарлық стент және қант диабетi» тақырыбында ғылыми-тәжiрибелiк семинар ұйымдастырып, өз ой пiкiрлерiмiздi ортаға салдық, – дейдi, ренгендi хирургия бөлiмiнiң меңгерушiсi Оразбек Срайылұлы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *