Ұстаздарыма мың алғыс!

Мен №185 жалпы білім беретін мектептің 8 «А» сынып оқушысымын.Менің алдыма қойған мақсаттарым өте көп. Солардың бірі тек ғана жағымды жаңалықтардың хабаршысы болатын журналист мамандығының иесі болу. Мамандығыма бастау алатын осынау мақаламды алтын ұя мектебім мен сүйікті ұстаздарыма және достарыма арнап сағынышпен жазып отырмын. Елімізде қашықтықтан білім беру жүйесі басталғалы ұстаздарымның аянбай еңбек етіп жатқанын жүрегім сезеді. Өйткені ұстаздарымыз бізге сабақты өткенде бар күшін салып, беріліп түсіндіргені бізге байқалады. Біздің орындаған тапсырмаларымызды тексеріп, кері байланыс беріп, дұрыс болмаған жағдайда қайта түсіндіріп жатады. Мен ұстаздарымның осындай қашықтықтан білім беріп жүргенде еңбегінің орасан зор екенін тағыда байқадым. Кейде еріксіз көзіме жаста келеді. Мүмкін мектебімді, ұстаздарымды, достарымды сағынғаннан болар деп ойлаймын.

Мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы бастаған, білім беруде аянбай еңбек етіп жатқан сүйікті ұстаздарыма шын жүрегіммен алғысымды айтқым келеді. Ұстаздарымның біз үшін беретін білімінің, тәрбиесінің  шегі жоқ екеніне тағыда көзім жетті. Ұстаз, біз үшін өміріміздің соңына дейін ұстаз болып қалатынын түсіндім.

Анам, біздің сынып жетекшіміз Мархаба апайымыз күніне бір рет анама телефон соғып біздің және ата-анамның жағдайын сұрап, біліп тұратынын айтады. Сонымен қатар кейде сынып жетекшіміз Мархаба апайымыз бен  сыныптас достарымды онлайн әлеуметтік желіде көріп, барлығымыз бір қуанып қаламыз. Апайымыз біздің сабақтағы жағдайымызды, көңіл-күйімізді сұрайды. Үйден шықпауымызды және де гигиеналық тазалықты сақтауымызды жиі ескертеді. Үйімізде сабақтан тыс уақытта немен айналысатынымызды сұрап, кейбір оқушыларға өзінің ақыл-кеңесін айтады. Бізде бір-бірімізге сағынғанымызды және үйде оқыған кітаптарымызды, айналысатын хобби, т.б. өзіміздің қызықты сәттерімізді айтып, ертерек қауышатын күннің келуін тілейміз. Атам да үйде, бізге үнемі ұстаздарды сыйлап, құрметтеу керектігін айтып отырады. .

Біз Тәуелсіз, бейбіт елдің бақытты ұрпағымыз. Бізге ата-бабаларымыз осындай күнді сыйлау үшін аянбай тер төккен. Сондықтанда мемлекетімізді өркендету, көркейту біздің қолымызда. Ол үшін дәл қазіргі біздің басты міндетіміз – сабақты  жақсы оқу деп білемін.

Аяулы менің ұстаздарым Сіздер ауырмаңыздар, шаршамаңыздар. Біз үшін Сіздер үлгі тұтарлықтай ұлы тұлғасыздар. Сіздермен жүздесетін қуанышты күннің келуін тілеймін. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайдың ертерек тоқтауына тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деймін. Ешқандай отбасына қайғы-қасірет әкелмеуін қалаймын.

Мухангалиева Марал Нұрланқызы,

Алатау ауданы №185 ЖББ мектептің 8 «А» сынып оқушысы

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *