Ұстаздардың ұлағатымен ұрпақ өсіп келеді

Мен өзіміздің қалада болып жатқан жаңалықтарды жіті қадағалап, кезі келгенде өз үнімді білдіріп отырамын. Алматыдай ару қаламыздың келбетіне білім бәйгесінен озып келіп жатқан жас ұрпақтың табысы да өз үлесін қосып жатады. Қаламыздағы Әуезов ауданына орналасқан Нұрлан Адамов басшылық етіп отырған №133 мектеп ұжымы да ұйымшылдықпен еңбек етіп, бала тәрбиесіне өздерінің үлестерін қосып келеді.

Ұстаздың еңбегі өлшеусіз. Өйткені, таңның атысынан кеш қарайғанша мектепте жүретін ұстаздардың өз отбасына, балаларына уақыт табатынына қайран қаламын. Еңбектеріңіз жанып, білімнің биігінен көрініңіздер дегім келеді. Бәсекеге қабілетті ұлтты тәрбиелеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген №133 мектеп ұстаздарына деген алғысымды «Ақшам» арқылы білдірсем деймін.

Осы мектептің 6 «ж» сыныбына жетекшілік ететін Хорлан Өмірзақызы, 4-сынып жетекшісі Перизат Мұқашева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Әлия Қонысбаева, қазақ тілі пәні мұғалімі Құралай Сәулебекқызы, орыс тілі пәні мұғалімі Мәдина Тоқсанова, музыка пәні мұғалімі Еркеғали Үмбетбаев, денешынықтыру пәні мұғалімі Қайрат Райев сынды ұлағатты ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс тілеп, қанаттарыңыз талмай, білім әлемінде биіктей беріңіздер дегім келеді.

Кәдес АЙДАРҚҰЛОВА,

ата-ана.  

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *