Ұстаздар ұлықталды

Ұлтты ұстаз тәрбиелейтінін ескерсек, өмірдегі жақсылық атаулының барлығы да мұғалімдер есімімен байланысты. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап жүрген ұстаздардың төл мерекесі Бостандық ауданында да әдемі бір іс-шарамен өрнектелді.

 Нұржамал ӘЛІШЕВА

Нақтырақ айтсақ, №146 мектеп-гим­назия шаңырағында аудан педагог­тарын төл мерекелерімен аудан әкімінің орын­басары Маржан Балбаева құттықтап, ұстаз­дардың жас ұрпақ тәрбиелеудегі қажырлы еңбектерін тілге тиек ете отырып, жүрек­жарды тілегін арнады.

Сондай-ақ, Маржан Ертайқызы өске­лең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар ұстазды аудан әкімінің атынан грамота және Алғыс хат­тармен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған кешегі «Қазақстандықтардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды», – деді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат мұғалімдердің жүктемесін азайтып, мейлінше көп ізденуіне, олардың білімді шәкірт тәрбиелеуге барынша күш-қуат жұмсауына жол ашары сөзсіз. Сондықтан жаңа бастамаларға сәттілік, ал мұға­лімдерге абырой-бедел тілейміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *