«Ұстаздар үйіне» келді

Жуырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Кадюков Николай Викторович, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы департаменті директоры Шақаева Гаухар Серікқалиқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы, А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Умаров Шавкат Ниязұлы, сонымен қатар, басқарма басшылары: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қараев Жаумбай Амантұрлыұлы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Байдурин Марат Серікұлы Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйіне» келді.
Қонақтар Maker Space инновациялық алаңында болып, төмендегі кабинеттерді аралап көрді:
1. Марии Монтессори әдісі бойынша баланы ерте дамыту кабинеті – педагогтарды баланың сенсорлық дамуы негіздеріне көрнекі оқыту үшін ең жоғары стандарттар бойынша жабдықталған оқу бөлмесі. Мұнда Монтессори әдісін басшылыққа алып жұмыс істейтін педагогтар үшін барлық қажетті заттар қойылған.
2. STEM – білім берудің инновациялық жүйесіне педагогтарды дайындау зертханасы. STEM-білім беру зертханасы техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған: 3D-принтер, голографиялық проектор, робототехника секторы және экологиялық таза технологиялар.
3. Мультимедиялық зертхана. Бұл алаңның негізгі мақсаты оқытудың классикалық әдістерінен сандық тәсілге көшуді жүзеге асыру мақсатында әрқайсысына қолжетімді ақпарат өндіру болып табылады. Мультимедиялық зертхананың базасында педагогтар үшін оқу бағдарламаларының контенті, фото және бейне материалдар әзірленіп, YouTube-каналына ұсынылады.
Сондай-ақ, институт қонақтары Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесінің құрылу және даму тарихы мұражайын аралап, «Өрлеу» БАҰО» АҚ қалыптасуы жолын баяндаған деректермен танысты. Экскурсия шеңберінде еліміздің білім беру саласының тарихи тұлғалары, біліктілікті арттыру жүйесінің тарихында кездескен маңызды сәттер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ қазіргі серіктестері туралы және орталықтың одан әрі даму жоспарлары туралы айтылды.
Экскурсия соңында қонақтар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы филиалының кітапханасында болып, сандық кітапхана жүргізу әдісіне және ақпараттың қаншалықты қол жетімділігіне ерекше қызығушылық танытты.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *