«Ұстаздар үйінде» өткен тренингтер топтамасы

Кеше «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институты АҚШ Елшілігінің RELO-мен бірлесіп, ақысыз негізде ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында халықаралық сегіз сағаттық тренингтер топтамасын өткізді.

Жастар жылына орай жас мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның ашылу салтанатымен Институт директоры Р.Садвакасова құттықтап, ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған тренингтер топтамасының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Өңірлік офис директоры  Джон Сильвер, ағылшын тілі бағдарламасының координаторы Ольга Патерова тренингтердің сәтті өтуіне ізгі тілектерін білдіріп, тренингке қатысушы мұғалімдермен арнайы кездесуге АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Эрик Майер келетіндігін хабарлады.

Сонымен «Ұстаздар үйінде» АҚШ-тың Мемлекеттік білім департаментінің ағылшын тілі бойынша «English Language Fellow» стипендиаттары, шетелдік он бес әдіскер бес секция бойынша 150-ден астам қала мұғалімдеріне тренингтерін бастап кетті.

«English Language Fellow» бағдарламасының 50 жылдығына сәйкес, шетелдік оқытушылар шеберлік сыныбын өткізіп, ағылшын тілі әдістемесін оқыту барысындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізу ерекшеліктерімен жан-жақты таныстырды.

8 сағаттық тренингтен соң мұғалімдер Институттың мәжіліс залында АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Эрик Майер мырзамен кездесті. Бас консул осындай маңызды іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ басшылығына алғыс білдіріп, «English Language Fellow» бағдарламасының қысқаша тарихына тоқталды.

Ағылшын мәдениетімен таныстыру, ағылшын тілін әлем халқына үйрету мақсатын көздеген бағдарламаның іргетасы 1969 жылы қаланды. Қазіргі таңда 200-ден астам ағылшын тілін таратушы мамандар айтулы бағдарлама аясында әлемнің 80-нен астам елінде табандылықпен ебек етуде. 50 жылдығына орай, Алматы қаласының мұғалімдеріне Орта Азия өңіріндегі бағдарламаның үздік оқытушылары бүгін сабақ өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осындай бағдарлама аясында өткізілген тренингтер топтамасының ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тәжірибесін шыңдап, сабақ өту әдістерін байытуға мүмкіндік жасайтындығына Эрик Майер мырза сенім білдірді.

 

П.Асылбек

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *