Ұстазға жағдай жасау – ұлт болашағына жағдай жасау

Шавхат ОМАРОВ, Алматы қалалық мәслихат депутаты, №153 А.Розыбақиев атындағы мектеп-гимназия директоры:

— ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаға биылғы Жолдауы өзгешелеу болды. Жалаң Жолдау емес, бұған дейінгі жасалған әлеуметтік бағдарламалардың, берілген тапсырмалардың нәтижелерін саралау бағытында салалық министрліктер мен әкімдерден сауал алып, нақты тапсырмалар беріліп жатты жиын барысында. Соңғы жылдарда Жолдау мен бағдарламалар негізінде атаулы салалар мен аймақтардағы атқарылған оң жұмыстар да аталып өтті. Елбасы осы тұрғыда алып шаһар – Алматыдағы жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Әсіресе, Б.Байбек басшылық ететін Алматы қаласында тұрғын үй-коммуналдық, салауаттылық-бұқаралық спорт, қолайлы қала, жаяу жүргіншіге жағдай жасалған көшелер мен аулалар бағыттары бойынша қыруар жұмыстар жасалып жатыр.

«Қала қарапайым адамдар үшін» қағидасымен жасалған жұмыстардың нәтижесін алматылықтар көріп отыр. Ал енді Елбасының биылғы Жолдауынан мен бөліп алып, айтайын дегенім мұғалімдер мәртебесен күшейту, олардың жағдайын жасау.

Елбасы айтқандай, ұстаздар мемлекеттік қызметкерлер ішіндегі әлеуметтік аз қорғалған, жалақысы жасаған жұмысынан төмен, сонда да қоғамдық жұмыстары (сайлау, сенбілік, түрлі науқан, т.б,) шаш-етектен келетін қызметкерлер. Елбасы айтқандай, біз баламызды мектепке білім алсын, тәрбие көрсін деп береміз. Және бала өмірінің негізгі бөлігі сол балабақша, мектептерде өтеді. Тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ту ұстарлары сонда қабыптасады. Ал сол ел ертеңін, ұлт болашағын қалыптастыратын ұстаздарға соншалықты керемет жағдай жасалып жатыр ма? Олай деуге келіңкіремей тұр қазіргі қоғамда. Мысалы, көрші мемлекет Өзбекстанның кейінгі президентінің алғашқы шешімдерінің бірі мұғалімдерді мақта теру, түрлі науқандық қоғамдық жұмыстар сияқты қосалқы шаруалардан босату болған екен.

Біздің Елбасымыздың да Жолдау сайын айтып келе жатқаны осы. Президент министрге мектепте түрлі реформалар жасағанды доғарып, саланы бір жүйеге келтіріңдер деп қадап айтты. Және мұғалімдердің мәртебесін де, еңбекақыларын да қайта қарау қажеттігіне тоқтады. Расында да бүгінгі жас буын ертеңгі ел азаматы десек, сол елдің болашағы мен ертеңі ұстаздар қолында. Яғни ұстазға жағдай жасау – ұлт болашағына жағдай жасау.

Мен білім беру саласының өкілі және мәслихат депутаты ретінде Елбасы Жолдауының осы салаға қатысты тұстарын қос қолдап қолдаймын. Және жүзеге асуына атсалысамын.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *