«STAR OF ASІA ALMATY.KZ–2019»

халықаралық музыка фестивалі

Алматыда 15-16 маусымда, «Медеу» мұз айдынында дәстүрлі «Star of Asіa Almaty.kz–2019»  фестивалінің үшінші маусымы  өтеді.

Қазақстанның барлық өңірлерінен 40 талантты, дарынды орындаушылар іріктеледі. Қазақстандықтар оларға  22 сәуір мен 10 мамыр аралығында дауыс беретін болады. Көп дауыс жинап, алғашқы 20-лыққа енген  орындаушылар   фестиваль сахнасында  қазақстандық эстрада жұлдыздарымен дуэтте  шығуға мүмкіндік алады. Қазақ және шет ел тілдерінде  музыкалық шығармалар, cover-нұсқалар, жаңа дыбыстағы  хиттар  орын­далады.  Оңтүстік Кореядан келген К-РОР  топтар өнер көрсетеді деп күтілуде.  Кон­курс жеңімпазы  әртістердің қолтаңбасы бар музыкалық альбомға ие болады. Фестиваль екі күн бойы әлемнің 118 еліне трансляцияланатын болады.

Фестивальдің ұйымдастыру комите­тінің құрамына – бас продюсер Айнұр Көпбасарова, жобаның бас  режиссері  Шара Айдарова, қоюшы-режиссер Назгүл Қарабалина, композитор Ренат Гайсин және ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Мәдина Сәдуақасова  енді.

– Біз фестивальға  еліміздің барлық өңірлеріндегі  үлкен аудиториясы бар, вокалдық қабілеттері мен әлеуметтік желілердің арқасында  танымал болған  жас таланттарды қатыстырамыз. Іnsta­gram-да қолжетімді көптеген кандидаттар арасынан  түрлі сахналық бағыттағы кәсіби мамандар  40 қазақстандықтардан   шорт-парақ құрастырды. Вокалдық мәліметтері, әртістігі, харизматикалық  болмыс-бейнесі, Іnstagram  профиліндегі жазылушыларының саны сияқты  кри­терийлер бойынша іріктеудің бірінші кезеңінен өткен  үміткерлердің есімдері фестивальдің  @StarofAsіa.kz. профилінде 2019 жылғы 22 сәуірде жарияланатын болады. Өзіне ұнаған үміткерге дауыс бергісі келгендер  біздің профильге жазылып, сол үміткердің суретінің астына лайк басса болды, – дейді «Star of Asіa Almaty.kz–2019» фестивалінің бас режиссері Шара Айдарова.

Сонымен,2019 жылғы  22 сәуір – 10 мамыр аралығында фестивальдің Іnsta­gram-дағы @starofasіa.kz парақшасында  ұйымдастыру комитеті іріктеген  40 дарынды орындаушыларға дауыс беру өткізіледі. Лайкты көп алған 20 болашақ әртістер  отандық шоу-бизнес жұлдызда­рымен бір сахнада өнер көрсетуге мүм­кіндік алады.  Ал 2019 жылғы 10 мамырда (Нұр-Сұлтан  қаласының уақыты бойын­ша – 00.01) дауыс беру аяқталып, www. starofasіa.kz сайтында және  фестивальдің әлеуметтік желілерінде 20 финалистің есімдері жарияланатын болады.

2019 жылғы  15 мамыр мен  14  маусым аралығында  A+A Іdea  Fabrіc  компания­сының командасы  финалистердің Star of Asіa Almaty.kz.  сахнасында  өнер көрсе­туіне дайындықты бастайды.  Хорео­графтар, имиджмейкерлер, вокал, актерлік шеберлік  бойынша педагогтар, психо­логтар финалистерге  фестиваль сахна­сында  өздерінің күш-қуатын, дарыны мен бар өнерін ашуға көмектесетін болады.

Бас жүлде – «Star of Asіa Almaty.kz–2019» фестивалінің арнайы статуэткасы және  үлкен сахнада  отандық шоу-бизнес жұлдызымен бірге  өнер көрсету мүмкін­дігі.

Сонымен қатар, Алматы қаласында  тағы бір акция басталады – макулатура өткізіп, оның орнына Star of Asіa–2019  музыкалық фестиваліне билет алуға болады.  Бұл акция арқылы фестивальді ұйымдастырушылар  Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы №12   «Тұтыну мен өндірудің ұтымды  модел­деріне өтуді қамтамасыз ету» мақсатын қолдап отыр.

– Тұтынушы ретінде бүгінде  кім қандай көмек бере алады? Бірінші кезекте қалдықтардың  шығу  көлемін азайту. Бұл акция арқылы  біз барша адамдарды   іс-қимылға шақырамыз. БҰҰ мәліметінше, егер планетамыздың тұрғындары 2050 жылға қарай 9,6 миллиард адамға жетсе, қазіргі өмір салтын ұстап тұру үшін оған  үш планетаның эквиваленттік қуаты керек екен. Акцияға қатысу ережелері қара­пайым: қалдықтарды іріктеп, қабыл­дау пунктіне өткізу, Іnstagram-дағы  #ІLoveAlmaty, #StarOfAsіa2019 хэштегіне  пост немесе сторис жасау, @starofasіa.kz фестивалінің аккаунтын белгілеу,сөйтіп, фестивальға екі билет алу, – деді эко-блогерАида Әлімбекова.

Star of Asіa  музыка фестивалі – жылдың дәстүрлі халықаралық оқиғасы. Жыл сайын «Медеу»  мұз айдынында өтетін бұл  фестивальге 20 000 көрермен қатысады. Бір сахнада Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, Жапония, Әзербайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және т.б. елдердің  танымал әртістері өнер көрсетеді. 2017-2018 жылғы бағдарламаға ARASH, Оңтүстік Кореядан  K-POP тобы, амери­кандық әнші   Anastacіa, Serebro тобы, Севара, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Zіruza, MadMen тобы, ULYTAU және басқа да көптеген  өнерпаздар қатысты.

2019 жылғы фестивальдің алғашқы күнінің хэдлайнері – Nіnety One  Q-POP тобы. Фестивальдің екінші күні  МОТ, Dan Balan, НАZИМА және тағы басқа да  орындаушылармен есте қалмақ. Екінші күннің хэдлайнері – Оңтүстік Кореяның танымал  K-POP тобы, оның атауы әзірге құпия сақталуда.  Ұйымдастырушылар топ атауын конкурс өткізіп барып жария­ламақ ниетте. Бұл конкурстың бас жүлдесі – сүйікті оңтүстіккореялық  артистердің  қолтаңбасы бар  музыкалық альбом болмақ!

Конкурс 2019 жылғы 25 сәуірде Іnstagram-дағы @starofasіa.kz парақша­сында жарияланады,оның нәтижелері 30 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының  уақы­ты бойынша   сағат 18.00-де жарияланбақ.

Сондай-ақ, фестивальді ұйымдас­тыру­шылар  фотографтар арасында да екі кон­курс жарияламақ: біріншісі – «Алматы – мың бояулы қала» тақырыбындағы конкурс,  2019 жылғы 19 сәуір—19 мамыр аралығында өтеді. Ал екіншісі –  «Қызыл жолақтан үздік түсірілім» байқауы 2019 жылғы 15-16 маусымда өткізілмек. Жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті анықтап, олар  демеушілер атынан арнайы сыйлық алатын болады.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *