СТАЛИН ІШІМДІК ІШКЕН БЕ?

Тарихшылардың жазуын­ша, Сталин де қояншықпен ауырған, не болмаса жүйкесі сыр берген психикалық ауыт­қушылықтар болған көрінеді. Содан кейін де ол соншама адамның обалына қалды деп жатады.

Белгілі тарихшы-ғалымдардың айтқанындай, мұртты көсемнің науқасы жөнінде тарихшылар ешқашан мұндай дерек жазбаған. Бұл жөнінде публи­цистер айтуға құмар екен. Сталиннің психикалық дертке ұшырағаны жөнінде еш жерде тіркелмеген. Екінші әйелі Надежда Аллилуеваның нерв жүйесінде едәуір ауытқушылық болған. 20-жыл­дардың соңында ол Еуропада тексеруден өтеді. Өкінішке орай, оған көрсетілген көмек нәтиже бермейді. 1912 жылы ол Кремльде өзін-өзі атып өлтіреді. Сол тұста Орджоникидзе де өз министр­лігінде өз-өзіне қол жұмсайды. Ол негізінен ауырмаған, ал Куйбышевтің жүрегі ауырған, ол содан көз жұмды. Фрунзе болса, ота үстінде қайтыс болды. Горький де Кремльдің ем-домын алып, күтімде болған. Ал оны дұрыс емдемеді деген әңгіме сол тұстағы «дәрігерлер ісі» кезінде өршіп кеткен. Ал Дзер­жинский әу баста Кремльдің емделуіңіз қажет деген кеңесіне құлақ аспаған, есесіне мәслихат үстінде жүрек талма­сынан жүріп кетті. Сондай-ақ, Сталин­нің өзі де дәрігерлерді тыңдамаған. Өмірінің соңғы күндерінде дәрігер оған темекіні тастау қажеттігін ескертеді. Ол темекіні тастайды. Алайда, қасында күзет қызметкерлері болмаған кезде кіші асханадағы терезе көзінен түтін жіберіп, ұрланып тартатын болған. Себебі, өзіне ұстамсыз деген сөзден қашу үшін осылай істеген.

Сталин ішкен бе? Жоқ, ол татып алма­ған. Тіпті, бұл жөнінде өзінің атақты жауы Троцкий «Сталин» деген атақты очеркінде айтады. Алайда, оның Хван­ч­кара деген шарапты жақсы көр­генін әріптестерінің көпшілігі білетін еді. Рас, ол үй шарабын ұнатқан. Бұл шарапты қонақтарына ұсынған. Бірақ өзі тартынып ішкен. Авиакон­структор А.Яковлев Кунцево сая­жа­йын­дағы Сталиннің қабыл­дауында болған жайды айтып кеткен екен. Ол Сталиннің қа­сында отырыпты. Алайда, оның өз графинінен не ішіп отырғаны мұны қы­зықтырады. Бір сәті келгенде авиакон­структор әлгі графиннен өзі бір стақан құйып алады да, арақ деп ойлап тартып жіберсе, әлгі кәдімгі таза су болып шы­ғады. Сол сәт оған Сталин күлімсіреп қарайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *