Спортшыларды ҰБТ-дан босатсақ

Сенаторлар жоғары жетістіктері бар спортшыларға қатысты осындай ұсыныс айтты

Тәуелсіз мемлекеттің дүниежүзілік деңгейде байрағы желбірейтін жағдайдың бірі – ел спортшысы жеңіске жетіп, жүлделі орын иемденген кез. Расында да халықаралық деңгейде жоғары жетістікке жету үшін спортшы бала жасынан кәсіби түрде спортпен айналысуы керек. Иә, кәсіби түрде…

 Осыған орай, Сенат депутат­тары жоғары жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатқан жас спортшыларды Бірыңғай Ұлттық Тестілеуден босату жөнінде ұсыныс айтып отыр. ҚР Сена­тының пленарлық отырысында Премьер-Министрдің орынба­сары Гүлшара Әбдіхалықованың атына жолданған ұсыныста бірқатар сенаторлар спорт және өнердің жас өкілдерінің 9-10 жастан бастап осы бағыттағы кәсіби мектептер мен колледж­дерде кәсіби айналысатынын келтірді.

– Депутаттық сауалға спорт және өнер өкілдерінің колледж­дерде оқи жүріп, ел намысын қорғап халықаралық додаларға қатысатыны себеп болып отыр. Халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге жетсе де, кол­ледж түлектері ҰБТ тапсырғанда негі­зінен төмен балл жинап жатады. Спорт пен мәдениет – Қазақстан­ның халықаралық абыройына үлес қосатын сала­лар. Ал бұл сала­лардың озық өкіл­дерін дайындау мектеп табалдырығынан басталады және өз ерекшеліктері бар, – дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

Расында да, мамандан­ды­рылған спорт, өнер мектеп­теріне қабыл­дау (дарынды бала­ларды) 4-сы­ныптан басталады. Және олар 8-9-сыныптан арнау­лы колледж­дерге ауысады. Ал арнаулы кол­ледж­дердің түлек­терінің 60–70 пайызы жоғары оқу орындарына түскісі келіп, ҰБТ тапсырады екен. Әрине, спортпен кәсіби түрде айна­лысып, уақытының негізгі бөлігі жарыстар мен жаттығу­ларда өтетін балалардың білім деңгейі белгілі.

Сол себепті, олар ҰБТ-дан тө­мен баға алып, грантқа ілік­пейді. Бұл жерде олардың негі­зінен ЖОО-ға өз саласы, яғни спорт бойынша құжат тапсыра­тынын ескеру керек сияқты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *