СПОРТ

 529УЕФА Конгресі – Қазақстанда

Бүгін, 27 наурызда Аста­надағы Тәуелсіздік сарайында Еуропа футбол қауымдас­тықтары одағының (УЕФА) кезекті, 38-Конргесі өтеді. Оған дүниежүзі футболының басшы­лары қатысады.

УЕФА Конгресі – жыл сайын өтіп тұратын аса жауапты жиын. Былтырғы басқосу Түркияның Ыстамбұл шаһарында ұйымдастырылса, биылғы таңдау Астанаға түсіп отыр. Конгреске осы ұйымға мүше 54 ұлттық футбол федерацияларының жетекшілері келіп отыр. Жиын аяқталған соң Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Зепп Блаттер, УЕФА президенті Мишель Платини және аталған ұйымның бас хатшысы Джанни Инфантино арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді. З.Блаттер мен М.Платини сондай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездеседі.

«Қайрат» тағы да жеңілді

 Ұлыстың ұлы күні футболдан ел чемпионатының екінші туры өтті. Алматының «Қайраты» Талдықорғанда жергілікті «Жетісудан» 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Былтыр қорытынды кестеде үшінші орынға табан тіреп, қола жүлдені жеңіп алған алматылықтар жалпы биылғы доданы тым сәтсіз бастады. Алғашқы турда да олар өз алаңында «Атырауға» есе жіберген болатын (онда да есеп 0:1 болған еді). 29 наурызда бас бапкер Владимир Вайсс шәкірттері біріншілікті өздері секілді қос жеңіліспен бастаған Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды. Осы ойында қамшы баспаса, «Қайрат» көш соңында қалар түрі бар.

2-турдың басқа ойындары былай аяқталды: «Ордабасы» – «Астана» – 0:1, «Спартак» – «Ертіс» – 0:0, «Шахтер» – «Ақтөбе» – 1:1, «Қайсар» – «Тараз» – 0:0, «Атырау» – «Тобыл» – 0:0.

530Бейбіт Ыстыбаев үйленді

«Еуразия Барысы» турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы Бейбіт Ысты­баев отау құрды.

Белгілі балуан бұл туралы «В контакте» әлеуметтік желісі арқылы мәлім етті. Бейбіттің таңдаған жарының есімі – Әйгерім екен.

«Арландар» алмандармен айқаспақ

531WSB тур­нирінің ширек финалындағы «Астана арлан­дарының» қарсыласы  бел­гілі болды. Ол – «Team Ger­­many» ко­ман­дасы.

Алман жігіттері «А» тобында 11 ұпай жинап, үшінші орын алған-ды. Екі кездесуден тұратын ширек­финалдық жекпе-жектердің алғашқысы ертең, 28 наурызда Германияда өтпек. Қарымта айқас Алматыда 5 сәуірде болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *