Спорт пен салауатты өмір салтының жеңісі

Алматы қаласының денсаулық сақтау қызметкерлері арасында өткен жарыс өз мәресіне жетті

Сенбі күні Алматы-Аренада   Алматы денсаулық  сақтау қызметкер­лерінің арасында өткен кезекті спартакиаданың жабылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиынды Алматы қалалық Денсау­лық сақтау басқармасының  бас­шысы Серікбол Мусинов құттық­тау сөзімен ашып, халық денсаулы­ғын жақсарту ісімен қатар тұрғындарға салауатты өмір салтын да  насихаттап жүрген дәрігер­лерімізді спорт пен салауатты өмір салтының жеңісімен, ал халық­аралық деңгейде Алматы қаласы­ның мерейін арттырып, Литвада өткен  жедел жәрдем қызметкер­лерінің Халықаралық байқауында   жүлделі екінші орынды иеленіп қайтқан Алматы қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшерлер командасы мен  футболшылар командасын жеңістерімен құттық­тап, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Медицина  қызметкерлерінің күні мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған бұл спар­такиадаға Алматы қаласының аудандарында орналасқан барлық денсаулық сақтау мекемелерінен құралған командалар қатысты.  Дәрігерлер қала тұрғындарына денсаулықтарын жақсартумен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды да осылай өз үлгілерінде насихаттап келе жатқандарына бірнеше жылдың жүзі  болды. Дәрігерлердің спортты жандарына серік еткендерінің нәтижесі болар, Ғалымжан Әбілов жетекшілік ететін ақ желеңді абзал жандардан құралған футбол командасы биыл әуесқой футболшылар арасында өткен  Қазақстан чемпионатында бірінші орынды жеңіп алып, биылғы жазда Прага қаласында өтетін халықаралық жарысқа жол­дама алып отыр. Ал  осы қалалық   спартакиадада  өздерінің спортқа деген ықыластарын танытып, жеңімпаз деген мәреге  үш аудан­ның Медеу,  Алмалы,  Әуезов аудандарының командалары ие болды.

Медеу аудандық  денсаулық  сақтау мекемелерінің бірлестігі (аудандық   денсаулық сақтау мекеме­лері бірлестігінің жетекшісі  №5 қалалық клиникалық ауруха­наның бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты Болат Садықов) бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды №10 қалалық емхананың бас дәрігері  Роза Тоқмолданова, ал үшінші орынды денсаулық сақтау саласының үздік ұйымдас­тырушысы, жоғары санатты дәрігер  Фарида Ағыбаева жетек­шілік ететін Алмалы ауданының медицина бірлестігінің командасы   жеңіп алды. Жеңімпаз­дардың барлығы  Халық­аралық   «Asіа waters» компаниясы тағайындаған бағалы сыйлық­тарымен марапатталды және жеңімпаз командалар «Тұран» ауызсуын жыл бойы тегін тұтыну сертифи­каттарына ие болды.

Жеңімпаз командаларға сый­лықтарын   Қазақстанның ден­саулық сақтау саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, бүгінде осы саланың дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген ардагер «Белсенді ұзақ өмір сүру» қоға­мының жетекшісі Г.Үрмур­зина,    Медеу аудандық қоғамдық денсаулық комите­тінің төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор Т.Ізмұхамбетов, меди­цина қызметкерлері кәсіп­одағының төрағасы  Қ.Қаратаев табыс етті.  Ал спартакиадаға бел­сенділікпен атсалысып,  спортта да өздерінің сергектіктерін танытқан  Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандарының медицина бірлестіктерінен құралған  коман­далар қалалық денсаулық сақтау бас­қармасының арнайы  диплом­дары және басқарма басшысының Алғыс хат­тарымен марапатталды. Өздерінің төл мерекелері – алда келе жатқан медицина қызмет­керлерінің күні қарсаңында қала дәрігерлері өздерін осылай спортпен бір серпілтіп алды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *