СПОРТҚА БАУЛУ — АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Өңірлік  дең­гейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен денешынық­тырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігіне» айрықша маңыз берілді.

Бұл — тұрмыс сапасын арт­тырудың, халықтың денсаулығын нығайтудың кепілді бағдары дер едім.  «Үкіметке және әкімдерге  кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тап­сырамын. Сондай-ақ, қолданыс­тағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, денешынықтырумен  айналысу үшін аулаларды, парктерді, сая­бақ­тарды жабдықтау қажет», —  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда ақиқатын айту керек,  бұл мәселе  біздің мега­полис билігінің  күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Алматыда бүгінде  1839  спорттық  нысандар бар. Тек биылғы жылдың өзінде ғана  қалалықтардың  демалысын  ұйымдастыру  үшін 606  спорт алаң­дары  салынып, ескілері жаң­ғыртылды. Және бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Үстіміздегі жылдың аяғы­на дейін  тұрғын үйлер аула­ларында қосымша   тағы да осын­дай спорт алаңқайлары салынып, тұрғындар игілігіне  пайдалануға берілетін болады. Солардың бірі  «Алғабас»  ықшамауданында  бой  көтермек. Бұл ретте  спорт нысандарын  тыңғылықты  дең­гейде ұстап, халық игілігіне жара­тып отырған жергілікті ПИК өкіл­деріне  де алғыс айтқан жөн. Олар  қалалық «Спорт – менің ауламда»  атты қалалық бағдарламаны жү­зеге асыруға  бар  ынта-жігермен  көмектесіп келеді.

— Екі жыл ішінде  біз спорт­пен айналысуға 18000-ға жуық адамды тарттық. Олардың саны  ай сайын  артып келе жатыр,- дей­ді  бағдарламаны жүзеге асы­ру­шылардың бірі, «Доджер» ЖШС  атқарушы директоры  Алла Жұмақанова.

Директордың айтуынша, мұн­дай ауқымды  шараларды өткізуде  қаланың әр ауданында жұмыс істейтін нұсқаушылардың еңбегі зор. Олар  бұл бағыттағы жұмыс­тарды  оңтайлы ұйымдастыра біл­ді.  Қазір  қала тұрғындары  кезек­ті жаттығулар мен жарыстарды асыға күтеді. Олар аптасына екі рет өткізіледі. Ұйымдасты­рушы­лардың бағдарламаларында  90-ға жуық түрлі  спорттық ойындар бар.  Және әр аудан  өкілдерінің  жергілікті  инфрақұрылымдарына  сәйкес басымдық беріп, ұйымдас­тыратын, қалыптасқан белгілі бір   спорт түрінен жарыстары  бар.  Мәселен, көп  алаңқайлар хоккей мен баскетболдан ойын немесе жарыс  өткізуге ыңғайланды­рыл­маған. Алайда, барлық аудандар­дың командалары  да  «Чем­пион­дар лигасының» жарыстарына қа­ты­сады. Бұл бағдар футбол, жеңіл атлетика  және тағы басқа да спорттың 15 түрі бойынша өткізіледі. Жастар  есте­лік сый­лықтар мен спорттық мара­­паттар үшін  барын салып жарысқанын көрсеңіздер. Бұл мүдде ғана емес, сонымен қатар позитивті,  сала­уатты эмоциялар да десек болар. Бүгінде  еліміздің ең ірі мегапо­лисінде  бұқаралық спорт расында да жалпыхалық­тық сипат алды. Қала жастарын  сала­уатты, сала­матты  қоғамға тарту жолында мұнда ауқымды жұ­мыстар жүргі­зіліп жатыр. Ендігі кезекте ұйымдасты­рушы­лар бұл іске  аға ұрпақ өкілдерін тарту үшін  отбасылық жарыстар­ды жиі қолға алуды жоспарлап отыр.

 

Әли НҮСІПЖАНОВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *