Сот жүйесінің жетістіктері

Ғылым мен техника дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдер қағаздан бас тар­тып, электронды сот өндірісіне көшуде. Заман талабына сай еліміздің сот жүйесінде электронды сот төрелігін дамыту ісіне үлкен қадамдар жасалуда.  Көптеген реформалар сәтті жүзеге асы­рылып, сот жүйесі жұмысының сапасы артуда.

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстем­дігі және жоғарғы құқықтық мәдениет ахуалы қажет.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуы тиіс» деп айтып кеткен. Осы бағытта қазіргі таңда сот жүйесі қарқынды дамуда.  Сот жүйесі бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне ауысты.

Бүгінгі таңда республиканың барлық сот отырысы залдарында аудио-бейне құрылғыларымен 100 пайызға жабдық­талған.

Жаңадан енгізілген Төрелік, Дыбыс-бейне жазба, Сот кабинеті сынды бағдармалар сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету құралдары саналады.

Сонымен қатар, Электронды қыл­мыстық іс жобасы іске қосылды. Ал­маты қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со­тында аса ауыр санаттағы қылмыстық істер қаралады және бүгінгі күні біздің сот­тың өндірісінде екі электронды қыл­мыстық іс қаралуда.  Басты мақсат –қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологиялар енгізу, оның айқын­дығын арттыру, қылмыстық процестің мерзімін қысқарту, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыру.

 

Айнұр Шаяхметова,

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы,

 сот  мәжілісінің хатшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *