Соңғы бес күнде менингококк жұқпасы тіркелген жоқ

деп мәлімдеді Алматы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова

Департамент басшы­сының айтуынша, қазіргі уақытта  Алматыдағы ме­нин­гококты жұқпаға байла­нысты жағдай бірқалыпқа түсе бастаған. Сырқаттың беті ары қарап, жаңа жағдайлар тіркел­меген.

Қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 11 науқастың да жағдайлары жақсарып келе жатқан көрінеді. Балалар және ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруха­наларындағы жансақтау бөлімдерінде жатқан нау­қастар жоқ. Дегенмен,  қала­мыздың санитар дәрігерлері  сақтық шараларын жалғас­тырып, адам көп шоғыр­ланған жерлерге бара қал­ған жағдайда, бетперде кию­ді және  денсаулы­ғыңызға байланысты жайсыз жағдай­лар орын ала қалған жағ­дайда, жедел жәрдем ша­қыр­тып, дәрігерлердің ақыл-кеңесіне жүгінуді және әлеуметтік желі арқылы жарияланып жатқан хабар­ламалар мен жалған ақпа­рат­тарға көңіл бөлмеуді ескертті.

Департамент басшысы қала тұрғындарының ден­сау­лы­ғын қорғауға қала­мызда орналасқан ірі  сауда ойын-сауық орта­лықтары­ның басшыларының да ат­салысып отырған­дығын атап өтті.  Қазіргі кезде «Магнум» сауда желісінің бар­лық  филиалдарында  санитайзер­лер орнатылған.  Онда сауда орталығына келгендердің қолдарын жуып, медицина­лық көмек алуларына қа­жет­ті  барлық жағдай жасал­ған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *