СМАРТФОННЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?

Британ университетінің ғалымдары өзгеше зерттеу жұмыс­тарын жүргізді. Олар кәдімгі смартфонның ішінен табиғатта сирек кездесетін металл түрлерін тапты.

Ғалымдар мобильді телефонның бөлшектерін алып ұнтақ қосылған натриймен араластырып, 500 градуста қыздырып, әр элементтің қыр-сырына үңілді. Айналып келгенде, смартфон­дағы бөлшектер өте пайдалы, сирек кездесетін металдар болып шықты. Мәселен, геологтар оның құрамында 90 мг. күміс, 36 мг. қызыл алтын және ең қымбат танталдың 20 мг. бар екенін анықтады.

Зерттеушілер оның құрамындағы алтынның маңызы тіпті кен орын­дарындағы алтыннан да бай, құнары 100 есе көп болып шыққанын айтады.

 

Екі жатыры бар

20 жастағы А.Султан ұл туып, бір айдан соң пертзентханаға қайта келгенде дәрігерлер таңқалды. Бір айдан соң егіздер – қыз бен ұл дүниеге келді. Алғашқы бала шала туғанымен, егіздердің жағдайы жаман емес. Әуелде әйелдің өзі де бұл жағдайды білмеген болып шықты. Ал бангладештік дәрігерлер оның екінші жатыры барына таңқалып отыр.

Әрине, бұл жағдайға қатты қуанға­нымен, ендігі жерде өте кедей тұратын отбасы үшемнің болашағына алаңдап отыр.

Тірісінде табыт сатып алды

Оңтүстік Африка республикасының тұрғыны Задва Вабанту өзі биші, өзі журналист, өте қызық адам болып шықты.

Ол өлім-жітімге қызмет жасайтын дүкенге барып табыт сатып алады. Бұл ісімен ол өзін құрмет тұтатындарға өлім­нен қорықпау керек екенін дәлел­дегісі келген. Сондай-ақ, оның мұндай тосын әрекетке баруының да бір себебі бар. Ол шешесі қайтыс болғанда тұрмыс жағдайлары өте төмен болған соң арзан табыт алған көрінеді. Сондықтан ол ақшасы бар кезде ертең әлдеқандай жағдай болып қалса, балаларым қинал­масын деп табыт сатып алыпты. Әрине, оның табынушыла­рының көбісі бұл әрекетін қолдамай, ақылсыз­дыққа балап отыр.

 

Жазалаудың жаңаша түрі

Қытайдың Гуйчжоу провинция­сында бір-бірінің көзіне шөп салған еркек пен әйелді ағашқа тыр жалаңаш күйінде байлап кеткен көрінеді. Оларды жиналған жұртшылық әбден қызық­таған. Тыныштық орнатпақ болған полицейлер әлгі жала­ңаш­тарға ешқан­дай шара қолданбаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күйеуі әйе­ліне ұсталып қалған көрінеді. Ал полицейлерді шақырған оның әйелі екен. Ал оларды кім байлап кеткенін ешкім де білмейді. Ақыр соңы полицей­лер жалаңаш әйелді босатып алып киіндіреді де, еркекті сол күйі қалды­рады. Енді жазалаудың бұл жаңаша түрін кімдер ұйымдастырғанын тергеп, тексеру басталып кетті.

 

Қ.ИМАН.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *