Смартфон қандай сырқат туғызады?

Егер сіз мына бір әдетіңізді мойындаудан қанша бас тартсаңыз да, мына бір деректі оқысаңыз ойланып қаларыңыз хақ. Кім де болса әжетханада смартфон пайдаланатыны жасырын емес. Ал енді оның қандай пайдасы бар деп ойлайсыз? Мүмкін уақыттан ұтамын деп ойларсыз. Жоқ, олай емес екен.

Британияның «Mіrror» басылымының жазуынша, смартфонмен әжетханада отырмағаныңыз жөн. Бұл әдет геморрой сырқатының  күрт асқынуына алып келеді екен.

Бір емхананың директоры Сара Джарвис деген кісі басылымға берген сұхбатында бұл жағдайды әбден растайды. Британдықтардың 57 пайызы осындай дағдыға бейім екен. Демек, олардың бәрі өте қауіпті жағдайда деген сөз. Смартфон адамдардың көп уақытының әжетханада өтуіне мәжбүрлейді. Бұл сіздің әлгінде айтқан геморрой ауруының алғашқы себептерін тудырудың бірден-бір себебі болып табылады. Сондай-ақ, смартфонды әжетханада пайдалану басқа да микроб, вирус түрлерін туғызуға себепші болады.

Адамдар бұл әдеттен бас тартпауы мүмкін. Ол үшін дәрігерлер мынадай кеңес береді. Смартфонды сол қолыңызға ұстаңыз, егер сіз оңқай болсаңыз оң қолыңызға алуға болады, бірақ басқа қолыңызбен әжетханада ештеңе ұстамаңыз.

Көруге болады, баруға болмайды

«Қалтадағы мұражай» және әлемдегі ең кішкентай мұражай. Ол швейцариялық Базенде орналасқан. Оны көру үшін ақша төлеудің де, тіпті барудың да қажеті жоқ. Тұсынан өтіп бара жатсаңыз, еріксіз аялдайсыз. Барлық жәдігерлер Іmbergassleіn 31  мекен-жайындағы үйдің терезесінде орналасқан.

Оның қожайыны осында 35 жыл тұратын (мұражай 25 жылдан бері істейді) жергілікті отбасы. Жәдігерлерді орналастырумен үй иесі Матиас, әкімшілік жағымен әйелі Дагмар айналысады.

Мұражайдың дүниеге келуіне себепші бала күнінде түрлі коллекцияларды жинаған Дагмар екен. Мұражайда аса бір құнды дүниелер жоқ. Кәдімгі бөтелкенің қақпағы, ойыншықтар, кәдесыйлар, т.б.

Қызыл шараптың шипасы

Қызыл шарап асқазанды тазалауға, салмақ түсіруге, холестериннің деңгейін төмендетуге көмектеседі екен. Англия мен Бельгияның ғалымдары осындай тұжырымға келген.

Үш мың адамның басын қосқан тәжірибеде қызыл, ақ шараптың, сыраның адам ағзасына әсері талқыдан өткен. Еріктілердің салмағы, жасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескерілген. Нәтижесінде қызыл шараптың асқазанға пайдасы болатыны – оның құрамында зиянды нәрселерден қорғайтын химиялық элементтер бар көрінеді.

Қызыл шараптың жүрекке пайдасы бары бұрыннан белгілі. Алайда, оны мөлшерден тыс пайдаланбас бұрын алдымен асқазанда ақау болмағанын қадағалаған жөн екен. Дейтұрғанмен де, оны екі аптада бір рет ішкен дұрыс.

Адамның ойлап таппайтыны болсайшы

Xlaomі атты компания Cowarobot-пен бірлесіп, қашықтықтан басқаратын чемодан ойлап тапқан көрінеді. Ол қайда барсаңыз да сіздің қыр соңыңыздан қалмай ілесіп отырады. Ұмыта қалған жағдайда көп арасынан іздеп тауып, қасыңызға келіп тұрады. Сонымен қатар, ол бірнеше міндеттер жүктелген құрылғымен басқарыла береді. 31 литр сыйымдылыққа дейін негізделген чемоданның төрт дөңгелегі, тартып шығаратын тұтқасы бар және оған арнайы камера орнатылған, иесінің түр-түсі соған жазылып қалған. Былайша айтқанда, басқаға көнбейді, өздігінен жүрмейді деген сөз. Сондай-ақ, ол иесімен жүргенде арақашықтықты сақтап, оның жүруіне де кедергі жасамайды. Сондай-ақ, ол өзгелерге кедергі болмай, жол белгісін сақтайды, алдынан келе жатқан кісіні айналып өтеді немесе жол береді. Егер чемоданды бес сағатқа дейін нәрлендірсеңіз, жиырма шақырымға дейін жүре береді. Арнайы мобильді бағдарлама арқылы да басқарылады.

 

Адамдар қатты ренжігенде өзін қалай ұстайды?

Айтып көрейік.

Сөйлеспей қояды.

Қатты өкпелегенін бар қылығымен сездіреді.

Тіпті болмаған күнде жауап сөз күтеді.

Бала тәрізді қамқорсыз көрінетін ондай адамдар тез күдік тудырады. Олар біреудің өзіне деген көзқарасы, қатынасы дұрыс екеніне сенбейді. Соның салдарынан барып айналасындағы адамдарға қарадан-қарап ұрынғысы келіп тұрады. Олардың ең сүйікті дағдысы өкпесінің себебін жұмбақтап жүруі. Қысқасы, мұндай дағдыдан не болмаса жаман әдеттен не түюге болады? Олар адамдармен ойын ашық айтуға батылсыз, өкпесі арқылы айтқанын тыңдатуды ойлайды. Сөйтіп, кейбір кешірімді жандардың сеніміне кіреді. Қатты ренжісем айтқаным болады деп ойлайды.

Мұндай адамдар да ешқашан біреуге деген жанашырлық сезім болмайды. Олар өкпесі арқылы жетістіктерге қол жеткізгісі келеді.

Бұл өзі бала кезден қалыптасатын әдет болуы мүмкін. Біздің қазақта «ол өзі бала сияқты адам ғой» деген сөз бар ғой. Демек, бала кезден өкпешіл болуды қоймасаңыз, өскенде ол сіздің мінезіңіздің ең жағымсыз түрі және дертке айналып кетуі әбден мүмкін.

Қазақстанның қоқиқазы Якутиядан табылды

Дүйсенбі күні Тарқайың ауылының адамдары Былах өзенінде ұша алмай жүрген, әбден тоңған қоқиқазды көреді. Көшеде 22 градус аяз. Олар оны ұстап алып,  үйшікке апарып қамайды. Сонсоң аң дәрігерін шақырады. Ол шамасы үш жастағы құс.

Оның бұл елге таяу маңдағы қонысы Қазақстанның Теңіз өзені. Ол бұл жерден 3,5 мың шақырым. Демек, оңтүстік мекеніне ұшып бара жатқан құстың қанаты талған болуы керек.

Қ.ҚҰРАЛБАЙ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *