Смартфонға тыйым салу керек

Динар НҮКЕТАЕВА,

Парламент сенатының депутаты:

 

…Біздің бала кезімізде отбасында мұғалімнің қадір-қасиетін бағалайтын өнегелі әңгіме көп айтылатын. Оларға деген құрмет ерекше еді. Қазір ұстаздарымыз сот пен мектептің ортасында жүр. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде де баланы ұрып жатқан немесе оқушыдан таяқ жеген мұғалімдерге қатысты фото-видео қаптап кетті. Сондықтан мемлекеттік мекемелердегі талап-тәртіп секілді, мектептерде де смартфонға тыйым салу керек.

…Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды. Ұстаздарға деген сенімсіздік күннен-күнге ата-аналардың тарапынан үдемесе, бәсеңдеген жоқ. Өйткені, диктофон, фотоаппарат, ұялы телефон қолдану арқылы оқушылар мұғалімдердің беделін түсіріп жатыр. Тіпті, қазір оқушы қыздар Facebook секілді үлкендер отыратын әлеуметтік желідегі топтарға сабақ үстінен тікелей эфирге де шығады. Қазір жаһандану дәуірі, ақпараттық-технологияның уақыты дейміз. Десек те, қандай қоғамда да тәртіп болу керек. Тәртіп болған жерде білім мен нәтиже болады.

 

(«Жас қазақ», 16.03.2018).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *