Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы: ХАЛЫҚТЫ САБЫРЛЫ БОЛУҒА ШАҚЫРАМЫН

– Қордай ауданындағы Масаншы және тағы басқа ауылдарда болған жағдай бүкіл Қазақстан халқының жүрегін ауыртты. Айдың күннің аманында 8 адамның қаза болуы өте қайғылы оқиға. Тұрмыс деңгейінде болған жағдайдан туындаған дейді. Соны шығарған, қол көтерген адам кінәлі болса керек. Сабыр сақтап, қол көтеруге жол бермеу керек еді. Қазақстанда көпұлтты, басқа да этникалық топтар тұрады. Бұл жағдай аса сақтықты қажет етеді. Егер қазақпен қазақ ренішіп жатса, оған түсіністікпен қарауға болады. Ал өзге ұлт өкілімен болған ұрыс-керіс, саяси әрекет деп қабылданады. Оның үстіне жастар арасында жұмыссыздық белең алып тұр. Кімнен өшін аларын білмей жүрген жастарды арандатушылар да мүмкін. Жұмыссыздықтың түбі қылмысқа әкеледі. Ауыл жастары жұмыс іздеп қалаға қарай ағылуда. Қалада да олардың жұмыс тауып, аяқтан тұрып кетуі оңай емес. Сондықтан олар қылмысқа қалай барғандарын білмей де жатады. Меніңше, ауылдан жұмыс орындарын көптеп ашу керек. Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жұмыссыздықты құрықтамасақ, аш қарын, ызалы жастардан әр нәрсені күтуге болады.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *