ӘСКЕРИ ЖИЫНДАР – ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ

Бекнұр ҚИСЫҚОВ, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының жетекшісі:

 

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Неге екенін қайдам, Мемлекет басшысының бұл шешімі қоғамда біраз алаңдаушылық туғызғаны рас. Алайда, мен бұған байланысты алаңдаушылықтың себебі жоқ деп ойлаймын.

Әскери жиындар – дамыған елдер үшін қалыпты тәжірибе. Менің білуімше, мұндай жиындар, мәселен, Швейцарияда жиі өткізіліп тұрады. Бұл азаматтардың патриоттық рухын қалыптастыратын тамаша құбылыс. Менің ойымша, әскери қызмет – әрбір ер азаматтың өз елінің алдындағы азаматтық парызын өтеуі. Бұл түйсігі бар адам үшін қарапайым түсінік. Президентіміз бұл шешімді дер кезінде қабылдады деп ойлаймын. Карантиннің кесірінен көп жастар жұмыссыз қалды. Оларды қолдау қажет. Сондықтан осынау қиын кезеңде неге бар күш-жігерімізді Отан-Анамызға көмектесуге бағыттамасқа.

Меніңше, қазір, ең алдымен, еріктілер қатарына қосылуға мүмкіндігі бар жастарға сенім артқан жөн. Олар халықтың оқшауланған ең осал бөлігіне – зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсете алады деп ойлаймын. Егер біз барлығымыз жұмылып, топтасатын болсақ, барлық қиындықтарды жеңіп, қалыпты өмірімізге тезірек қайта орала аламыз.

  Т. ДЕРБІСАЛИН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *