Әскери психологтар да ТЖ кезінде шұғыл режимде жұмыс істеуде

Төтенше жағдай кезінде жұмысқа тартылған әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету үшін ҚР Қарулы Күштерінде әскери психологтардың мобильді тобы құрылып, олар шұғыл режимде жұмыс істеуде.
Олардың негізгі мақсаты – залалсыздандыру жұмыстарына, блок-бекеттерге және қала көшелерін патрульдеуге тартылған әскери қызметшілерге шұғыл-психологиялық көмек көрсету. Төтенше жағдайда әр әскери қызметшінің психологиялық жай-күйі психологтар тарапынан тұрақты қадағалауды және зерделеуді қажет етеді.
«Сол себепті тренингтер мен терең тыныс алу жаттығулары, жеке әңгімелесу адамның қалыпты өмірге қайта келуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, аталған тренингтер тіпті психолог маманы жоқ кезде де әскери қызметшілердің өзара бір-біріне психологиялық көмек, моральдық қолдау көрсетуіне септігі зор», — деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты психологиялық қызмет көрсету қызметінің бастығы подполковник Сандуғаш Дәуренбекова.
Зарарсыздандыру жұмыстарына шығар алдында моральдық-психологиялық тұрақтылығын анықтап, оларды іріктеу мақсатында экспресс-тестілеу арқылы психодиагностикалық жұмыс жүргізіледі. Одан кейін арт-терапия әдісі арқылы (сурет салу, пластилиннен бейне салу арқылы) жеке құрамның ішкі сезімі мен көңіл-күйі анықталады. Оған қосымша психологиялық әңгімелесу, адамның физикалық және физиологиялық жай-күйін реттеуге бағытталған тыныс алу жаттығулары жасалады. Залалсыздандыру жұмыстарынан қайтып келгеннен кейін де психологиялық әңгімелесу жүргізіліп, релаксациялық тренингтер өткізіледі.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *