Әскери бөлімде өткен кеш

225Рая ЕСКЕНДІР

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарыл­ғанына тура 25 жыл толып отыр. Осынау айтулы күнге орай №0111 әскери бөлімінде «Ауғанстан – ерлік, естелік, жыр» атты ауған соғысы ардагер­ле­рімен кездесу өтті. Аталмыш кездесу әскери бөлім­нің клуб басшысы, капитан Клара Сексенова, кітапхана бас­шысы, кіші сержант Евгений Пливень, Алматы қаласы Орта­лық­тандырылған кітапханалар жүйесінің №27 кітапхана меңгерушісі Жаңагүл Жақсыбаеваның ұйытқысы­мен, ұйым­шылдықпен аталып өтті.

Әсіресе, «Ауғанның от жалыны» деп аталатын кітап көр­месі көпшіліктің көңілінен шықты. Мұндағы ауған соғысы жайын­дағы туындылар, естелік-эсселердің көптігіне қарап-ақ соғыстың салған зардабының орасан екендігін көруге болады. Ұландар «Ауғанстан», «Біз кетеміз» деп аталатын бейнеролик­терді тамашалай отырып, жазықсыз төгілген қан, қаралы, нәубет жылдардың қатарында қазақ жылнамасының қақ орта­сынан ойып орын алған ауған соғысы мен ондағы опат болған 15 мың кеңес әскері, мыңдаған ауған әскері туралы толық мағлұмат алды. Ұйымдастырушылар бұл күні ауған соғысында опат болған боздақтардың рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлей отырып, сарбаздарға Отан үшін от кешу – парыз, елінің патриоты болу – зор мақтаныш, басты міндет екенін айтып, сондықтан қашанда осы асыл парызды орындауға шақырды.

Ауған соғысын өз көздерімен көрген ардагерлер Әлімбай Сыздықбаев пен Майра Вахитқызы адамзат тарихында мәңгі есте қалған 1979–1989 жылдардың қасіреті туралы баяндап, ондай зұлмат күннің енді қайтып ешбір топырақта қайта­лан­бауын тіледі. Қатардағы жауынгер Ілияс Айтжанов «Атаме­кен», Асхат Сатыбалды «Жаса, қазағым», Әнуар Сембаев «Ұлан қырандары», Игорь Задумкин «Обычный автобус»  әндерін орындап, көпшіліктің көңілін сергітті.

Кешке қатысқан сарбаз ұландар үшін бұл кештің берері мол болды. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың:

«Бірге болдық қанды қырғын қоршауда,

Сол Ауғанда талай досты жерледік,

Қарлы құзға күн-түн демей өрледік», – деп келетін отты өлең жолдарын тыңдаған сарбаздар ардагер ағаларының жүріп өткен жолдарын өздеріне үлгі етіп, ешқашан ұмытпауға уәде етті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close