Әскери ант қабылдады

Серік ЖҰМАБАЙ

 

Қазақстанда наурыз айында басталған әскерге шақыру науқаны кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктеріндегі мерзімді әскери қызметке іріктеу жүргізді. ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарына 285 адамды іріктеп алынды. Әскери антты салтанатты түрде қабылдауға: Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары шақырылды.

Мұқият кешенді тексеруден жетістікпен өткен әскери қыз­метшілер Қазақстан Республи­касы Мемлекеттік күзет қызме­тінің Президенттік полктерінде қызмет атқарады.

ҚР Мемлекеттік күзет қыз­меті – Қазақстан Республикасы­ның Президентіне тікелей бағына­тын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп­сіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объек­тілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемле­кеттік орган болып табылады.

ҚР МКҚ мерзімді әскери қызметке азаматтарды дайындау және шақыру үздіксіз процесс. Тіркеу учаскесінде тіркелген сәтінен бастап армияға шақы­рылғанға дейін жергілікті атқару органдары ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерімен бірле­сіп мерзімді әскери қызметке шақы­рылуға жататын азаматтар­ды жүйелі түрде іріктеуді және зерт­теп-зерделеуді жүргізеді. Бұл ретте барлығы да зерттеп-зерде­ленеді: оқу және жұмыс орнынан мінез­деме, әскерге шақырылу­шының қарым-қатынас ортасы, қызығу­шылығы мен бейімділігі, 180 см. кем болмайтын бойы, дене бітімі, медициналық деректері мен психологиялық портреті.

Мемлекеттік күзет қызметінің қойған талаптарына сәйкес, Отанға деген адалдық пен беріл­гендік, батылдық және қысыл­таяң жағдай­ларда дұрыс шешім қабылдай білу, тәртіптілік пен қырағылық айқын көрінген азаматтарға басымдылық беріледі. Спорттық және өзге де жетіс­тіктер ҚР МКҚ Президенттік полктерінің қатарына іріктеу кезінде шешуші рөл ойнайды.

Сонымен қатар, әскерге шақырылушылардың интеллек­туалдық қабілеттіліктеріне де аса назар аударылады. «Біздің қоғам­ның идеалы – ол өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, бұл ретте заманауи, шет ел тілдерін меңгер­ген, алдыңғы қатарлы және жаһан­дық көзқарасы бар қазақстандық болуы керек», бұл туралы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылғы 10 қаң­тардағы «Төр­тінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

Осы шақыру науқанында ҚР МКҚ офицерлері Жолдауда атал­ған басым бағыттарды негізге ала отырып, кандидаттардың интел­лектуалдық потенциалына аса назар аударды, ал оның әскери борышын сапалы атқаруға ықпа­лын тигізетіні сөзсіз. ҚР Мемле­кеттік күзет қызметінің дамуының басым бағыттарының бірі келісім-шарт бойынша әскери қызмет­шілер қатарынан қалып­тасатын кадрлық потен­циалды сапалы дайындау болып табылады. Бұл, яғни бүгінгі сарбаздың әскери мансапта одан әрі өсу мүмкіндігі бар деген сөз.

Әскерге шақырылған Отан қорғаушылар үшін барлық қа­жетті жағдай жасалған. Мысалы, жақ­сартылған казармалық үй-жай, жеке-тәрбие жұмыстары бөлмесі, тұрмыстық қызмет көр­сету бөлме­сі, монша-кір жуу кешені, сондай-ақ әскери бөлім­нің демалу клубы бар. Ыңғайлы және заманауи киіммен қамтама­сыз етілген, құр­мет қарауыл ротасына түскендерге киім мен аяқкиім жеке тігіледі. Жыл сайын әрбір әскери қызмет­шінің киім-кешегіне 150433 теңге жұмсалады. Мерзімді қызмет әскери қызмет­шілерінің азық-түлік паегінің құны 1259 теңгені құрай­ды. Күн сайын үш рет құнарлы тамақ ішеді. Негізгі азық-түлікпен қатар мәзірге мыналар қосылған: бал, табиғи шырын, жемістер (алма, банан, апельсин).

Әскери ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Астана мен Ал­маты қалаларындағы ҚР Мем­лекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері бойынша жөнелтіледі. Онда Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше міндеттерді атқаратын, Қазақстанға шет ел мемлекеттері басшылары­ның ресми сапарлары барысында дәстүрлі рәсімдерді орындауға қатысатын, Мемле­кеттік ту мен Елтаңбаның эталон­дарын күзететін болады.

Өте жауапты міндеттерді мінсіз атқару үшін Қызметте кешенді денешынықтыру және жауынгер­лік даярлығына аса назар ауда­рылады. Сарбаздар саптық амал­дарды, жауынгерлік қарудан ату машық-дағдысын, сондай-ақ жауынгерлік техни­каны құрғақ жерде және суда жүргізуді және тағы басқаларды меңгереді. Спорт­тық жетістіктері бар адамдардың әр түрлі деңгейдегі, оның ішінде әлем­дік деңгейдегі спорттық жарыс­тарға қатысуға мүмкіндігі болады.

ҚР Мемлекеттік күзет қыз­метіне түсуді жастардың көбісі армандайтынын атап өту керек. Осы жерде олар сенімділікті және көркем мүсінді, ермінезділікті иеленеді, нақышты қадамды ұш­тайды. Әдемі киім нысаны оларға ерекше түр береді, ол айналадағы адамдарды шынайы таңқалдырады.

Армиядағы қызмет кешегі жастарды лайықты, өз Отанына берілген ерлерді тәрбиелейді. Армиялық тыныс-тіршілік ахуалы олардың өмірге деген көзқарасын және шынайылықты қабылдауды өзгертеді, олар бұл ретте берік шыдамдылықты және өмірде айқын мақсатты иеленеді. Осы қасиеттер ғана ерліктің және батырлықтың, даңқ пен адал­дықтың, бастысы – өз халқы мен өз Елбасына адал болудың бейнесі болып табылады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *