ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРТҚАН

комиссар түрмеге жол тартты

33Айнабай МӘДИ

Алматыда әскерде қызмет етуден жалт бұрылуға көмектескен қорғаныс істері басқармасының бұрынғы басшысы сотталды. Қалалық қорғаныс істері департаментінде өткен ашық сот отырысында  Медеу аудандық Қорғаныс істері басқармасының бұрынғы бастығы И.Скворцовқа сот үкімі шықты. Ол қомақты параға бола, бір бозбаланы әскерде қызмет етуден   жалтаруға көмектескен.

Әскерге шақырылушыны бір мың жарым долларға армиядан жалтаруына мүмкіндік жасамақ болған бұрынғы комиссар өз кабинетінде таңбалы  ақшаларды санап жатқан кезінде ұсталды. Шынтуайтында, әлгі жігіт онсыз да, денсаулығына байланысты әскерге шақырылудан босатылуы тиіс болатын. Ол өз айыбын мойындады.

Скворцовқа үкім Қорғаныс істері басқармасының мәжіліс залында, өзінің бұрынғы қызметтес жолдастары мен бағынышты қызметкерлерінің алдында жарияланды. Енді ол бар жиған атағынан, шенінен айырылып,  жеке мүлкі тәркіленіп жазасын төрт жыл түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *