СІЗГЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАЙСЫСЫ ҚОЛАЙЛЫ?

d34b5c5542eb20d455c02c2994a16321

Қалалықтар қаперіне!

Алматылықтар арасында жүргізілетін сауалнама жол қозғалысы мен экологиялық мәселелерді шешуге бағытталып отыр.

Кептелістер мен көлік шығарындыларымен ауаның ластануы әлемнің  көптеген қалалары үшін  проблема тудырып отыр. Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы да соның кебін киюде. Алматылықтар үшін де  күнделікті тіршілікте қала ішіндегі қозғалыстың күн өткен сайын қиындай түсуі мен ауа сапасының нашарлауы үлкен проблемаға айналған.

Алматы әкімшілігі БҰҰ ДБ/ҒЭҚ  «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасының қолдауымен жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасын әзірлеу жөніндегі  жобаны іске асыруға кірісті. Жобаның мақсаты – жолдардағы жағдайды жақсарту, көліктің барлық түрлері қозғалысын ұйымдастырудың қазіргі заманғы сызбасын әзірлеу, алматылықтардың көліктің қоғамдық түрлерін көбірек пайдалануына түрткі болу үшін қозғалыстың анағұрлым басым түрлерін анықтау, оны қалалықтар үшін қолайлырақ ету, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын жасау және қайта құру саласындағы жоспарларды үйлестіру.

Жоба шеңберінде Алматы қаласы тұрғындарының «көліктік мінез-құлқына» әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Ол алматылықтардың көліктік қызметтің  қай түрін пайдалануды артық көретіні мен нақты тәжірибесін және қала ішінде күн сайын пайдаланылатын көліктің сол немесе басқа түрінің үлесін  анықтауға  мүмкіндік береді. Мұндай ақпарат ең жуық 5 жылға тиімді көліктік жобалар әзірлеуге маңызды негіз болады.

Алматы қаласының барлық аудандарында 3 500 үй шаруашылығындағы әйелдерге (жанұя)  және 10 000-нан астам респонденттерге сауалнама жүргізіледі деп болжануда. Сауалнаманы кәсіпқой зерттеу агенттігі – Бизнес ақпарат орталығы, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулерді BІSAMCentral-Asіa жүргізеді. Бұл – әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жүргізуде 20 жылдай тәжірибе жинақтаған, беделді халықаралық кәсіпқой ассоциация­ларға белгілі, Қазақстанның бірден-бір алдыңғы қатарлы зерттеу компаниясы.

BІSAM интервью алушыларында  өздерімен бірге бэйджигі мен респондентке өтініш жасалған ресми хаты болады.  Сауалнама жүргізіледі деп күтілетін уақыт: 2016 жылғы қазан-қараша айлары.

Біз, алматылықтар, егер оларға сауалнамаға қатысу туралы өтініш айтылса,  қызығушылық пен ықылас танытады деп сенеміз. Респонденттерден алынған барлық ақпарат тек жалпыланған түрде және тек зерттеу мақсатында ғана пайдаланылатын болады. Сонымен бір уақытта, сауалнаманың  респонденті болған әрбір алматылықтың пікірі мен бағалауы қаланың көліктік проблемаларын шешу үшін айрықша құнды болады.

Сауалнамаға қатысыңыздар!

Қосымша ақпараттар: Грядкин Александр, BІSAM Central Asіa зерттеу бөлімінің басшысы +7-727 378 05 41 / 378 05 51 сот: +7-701 218 9336

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *