Сізді үйіңізде күтіп отыр

Көлік кептелісі барлық өңірде, барлық көшеде бар. Бір жерге шыға қойсаң, діттеген жеріңе жету қиын. Меніңше, автокөліктердің емес, халықтың жүріп-тұруына жағдай жасау қажет. Бізде адамдардың жұмысқа не сабаққа немен, қалай жеткені аса маңызды емес сияқты көрінеді кейде маған.

Қалада көлік атаулы күннен- күнге көбейіп келеді. Соның салдарынан экология да, біздің жұтып отырған ауамыз да бұзылып барады.

Бірінші кезекте қоғамдық көлікке деген көзқарасты өзгерту қажет. Яғни адамдар үшін қоғамдық көлік жайлы болуы тиіс. Жол кептелісін туандататын тағы бір себеп — әйел адамдар мен жастардың көлікті дұрыс меңгере алмайтындығында жатыр. Жасы­ратыны жоқ, бүгінгі таңда көлік жүргізу куәлігін оп-оңай сатып алуға болатын көрінеді.  Сондықтан жол-көлік апаты да өте көп. Ал темір тұлпар тізгінінде отырған адам өзінің де, өзгенің де қауіпсіздігін ешқашан естен шы­ғармаса екен дейміз. Әрқашан аман болғанымыз керек. Бізді үйде әрқашан жақындарымыз күтіп отырады.

Нұрболат ЖОЛДАСОВ,

«Тұран» университеті

Журналистика мамандығының

2-курс студенті.

 

Білім – өмірде таяныш

Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті. Елбасы әрқашан «Ұлт болашағы – білімді жастар қолында»  деп бізге үлкен үміт артады.

Біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жі­герлі ұрпақтардың орны бөлек. Қазіргі бой емес, ой жарыс­тыратын заманда са­налы ұрпақ тәрбиелеу басты міндет. Жас­тардың еңбекқорлығы, арманы мен мақсаты еліміздің жарқын болашағына бастар басты қадам.

«Білім – өмірде таяныш, жолда дос, жалғыздықта жолдас, қуанышта бастаушы, қайғыда медет, кү­ресте құрал, зұлым­дыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекер айтылмаған. Білекпен емес, біліммен күш сы­насатын мына за­манда білімді ұрпақ – еліміздің басты қаруы. Патриотизм мен ұлт­тық құндылықты, сапалы білімді сана­сына сіңіре білген жас буын Қазақстанның жарқын бейнесі. Әрбір  жас осы жауапкер­шілікті сезіне білуі тиіс. Мен де осы қатардан көрінгім келіп талпынып жүр­ген жастардың бірімін.

Арайлым ӘРІПБАЙ,

«Тұран» университеті Журналистика мамандығының

2-курс студенті.

 

Бетті жүргізген – Нұржамал

ӘЛІШЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *