Сіз зейнетақы рәсімдеп үлгердіңіз бе?

Соңғы жылдары елміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар ауқымды өзгерістер енгізіліп, бүгінде ол өзгерістер тиісінше іске асырылып келеді. Әйелдердің  зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту – сол өзгерістердің бірі. 2018–2027 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде жыл сайын жарты жылдан қосу арқылы әйелдердің зейнеткерлік жасын 63-ке жеткізу көзделген.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес биылғы жылы әйел адамдар зейнеткерлікке 59 жастан шығуда. Аталған заң талабы бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 59 жас 6 айды құрайтын болады.

Осы орайда 1960 жылдың екінші жартысында (шілде-желтоқсан айларында) дүниеге келген әйелдердің жыл аяғына дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгініп үлгеруі қажет екенін назарларына салғымыз келеді. Желтоқсан айының соңына дейін жүгініп үлгермеген жағдайда, зейнеткерлікке шығу құқығына 59 жарым жасқа толғанда ғана ие бола алады.

 

Дарья БЕРДІБАЕВА,

         Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *