Сіз келіп кітап оқысын деп бар жағдайды жасадық

Қоғамның қайнар көзі, рухани бұлақтан нәр алар орны – кітапхана екендігі даусыз. Себебі, ғаламтор жайлаған ғаламда кітап пен кітапхананың орны айрықша көрініп, рухани құлдыраудан сақтанып қалудың бірден-бір жолы екендігі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қазіргі жастардың рухани жаңғыруға ұмтылатыны, ұмтылғысы келетіні қоғамнан байқалып келеді. Өйткені, әлемді жаулаған әлеуметтік желі адам жадын жойып жатқанда, рухани азыққа шөлдеген жандар қай жақтан рухани жаңғыру керектігін ұғынып келеді. Сондықтан бүгінгі білімді жас қазынаның көкесі кітапханада жатқандығынан хабардар болуы тиіс.

 

Түп-тамыры жүз жылдан асатын тарихы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапxанасының қорында қазіргі уақытта 7 000 000-ға жуық кітап қоры бар. Одан бөлек, Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында 30 мыңнан аса жәдігерлер сақталған. Сонымен қатар, мерзімді басылымдар мен журналдар толық сақталып, оқырмандар сұранысын қанағат­тандыруда.

Жастар үшін Ұлттық кітапxанада бар­лық жағдай толық жасалған. Атап айт­қанда, тегін wі-fі жұмыс істеп тұр. Ашық қордағы қажетті кітаптардан ақпарат алу да қолжетімді. Жұмыс істеп тұрған 14 клуб­тық үйірме жастар ұйымдарымен іс-шаралар өткізуге, оларды қолдауға дайын. Ұлттық кітапxананың өзінен құрылған «Жастар кеңесі» Алматы қаласының және Республика кітапxаналарының жастары­мен, жастар ұйымдарымен тығыз жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, #bukkrossіng жобасы да жемісті жұмыс істеп тұр. Оқи­мын деген жастардың емін-еркін демалып, кітап оқуына бізде бар мүмкіншілік қарастырылған.

Ұлттық кітапxана қазір заманауи теxнологияларға сай қарқынды даму үстінде. Оған қоса, кітапxана ғимаратын қайта жаңарту жобасы іске асуда.

Кітапхана – рухани азықтың ортасы. Сөреде тұрған әр кітаптың құны бар. Бір ғылымды игеру үшін бір кітап керек. Ал сол бір кітапты табу үшін мың кітап оқуға тура келеді. Бүгінгі еліміздегі жастардың кітапқа деген махаббаты маңғаз басса да, қазынаға аялдамастан қадамдап келе жатыр. Жастардың кітап оқу үшін кітапханаға жиі келетіндігі көңіл қуантып, жан семіртеді.

 

А.ТЕМІРБЕКҰЛЫ,

Ұлттық кітапхананың

баспасөз хатшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *