ШЫҰ: Циндао салтанатын асырды

Өмірзақ МҰҚАЙ

 

Жалпы өмірде, оның ішінде кәнігі саясатта кездейсоқ ештеңе болмайды. Қашан да себепке себеп болатын саяси оқиғалардың, әре­кет­тердің болуы заңды құбылыс. Канадада Үлкен жетілікке мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтіп жатқан кезде Қытайдың Циндао қаласында Шанхай Ынты­мақтастығы Ұйымына қатысушы елдер басшыларының кезекті саммиті өтті.

Канадада өткен Үлкен жеті­ліктің жиынына келсек, онда қатысушы мемлекеттердің пікір қайшылығына орай қорытынды құжат жасалмағанын айта кетуге тиістіміз. Ал ШЫҰ-ның самми­тіндегі жағдай мүлдем керісінше болды. Бұл жерден ымыра мен ынтымақ айқын көзге ұрып тұр.

Аталмыш ұйымның құрылуына түрткі болған көрнекті басшы­ларың бір есебінде онда Нұр­сұлтан Назарбаевтың айтқан пікірі бір ауыздан ескерілетінін де көз көріп, құлақ естіп отыр. Бұл жолы қазақ Президенті ШЫҰ елдері арасындағы экономикалық қаты­настың жаңа деңгейге көтерілуінің қажеттігі туралы пікір білдірді. Ақиқатында, оған қажетті жағдай­дың қалыптасқанын ауызға алды.

– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер­дің 3 млрд.-тық тұрғындары үшін ыңғайлы тұрмыстық әлеу­меттік жағдай қалыптастырудың мүмкін­дігі жеткілікті. Біздің елдер ара­сындағы  сауда-инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың бұған дейінгі қолданылып келген екіжақты ак­циясын көпдеңгейлі әрекетке ауыстыру қажет. Шан­хай ұйымының ауқымында біз жобаларды қаржыландыру және техноло­гиялық ресурс­тарды жұмылдыру механизмін ортақ жүйеге келтіруге тиістіміз, – деді Н.Назарбаев.

Заманауи біріккен өндірісті дамыту үшін қажетті платформа құру және электронды сауданы молайту мақсатында мемлекеттер цифрландыру мен жаңа техно­логиялар саласында тәжірибе алмасуға уағдаласты. Ал Қазақ­стан Президенті болса қуатты мультипликативті тиімділікті қамтамасыз етіп, ғылыми, қаржы­лық және адами потенциалды іске қосу үшін бірнеше инфрақұры­лымдық мегажобаны жүзеге асыру туралы ұсынысын білдірді.

Әлбетте, мұндай тың баста­маның әркімді ойландыратыны, үміттендіретіні күмән тудыр­майды. Әрі Н.Назарбаев өз ұсы­нысын нақты дәлелдермен қисын­ды түсіндіріп берді.

– Еуразиялық жоғарғы жыл­дамдықты теміржол магистралы жобасын жүзеге асырудың болашағы зор. Оның бағыты Бейжің–Астана–Мәскеу–Берлин болмақ. Сол арқылы батыс пен шығысты жалғастырушы көпір болған тарихи Жібек жолының маңызы арта түспек. Осы жоба­ның жүзеге асуы арқылы ШЫҰ арасындағы өзара әрекеттестік күшейеді. Ұйымның еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатынасы бұрынғыдан да ны­ғайып, интеграция жүзеге асады. Болашақта ол жаңа бір эконо­микалық одақтың құрыл­уына түрткі болса құба-құп, – деген Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, саммитте сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық «Астана» қаржы орталығының іске қосылатынды­ғын да атап көрсетті. Соған сәйкес қаржы орталығы жетекші әлемдік қаржы орталық­тарының озық үлгілерін өз бойына сіңіріп, Шан­хай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы барлық елдер арасын­дағы қаржы жүйесін дамытуға ықпал етпек.

Ал қазір оның маңызы өте үлкен.

Сондай-ақ, Елбасы Халық­аралық Жібек жолы ғылыми академиясының  мұның алдында көтерілген осы мазмұндағы баста­масын жүзеге асыратын кездің келгенін де айтып өтті.

Бұл академияны құруға бүгінге дейін әлемнің отыз шақты мем­лекеті мүдделі болып отыр. Сол арқылы «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңызы да арта түспек.

Жалпы, Шанхай Ынтымақ­тастық Ұйымының Циндаода өткен саммиті жемісті болды деуге толық негіз бар. Ал онда қазақ басшысы тағы да өзінің көрегендігі мен іскерлігін көрсете білді.

Бір сөзбен айтқанда, экономи­калық деп анықтама берілген аса беделді Еуразиялық Одақтың бұл жолғы саммиті жемісті болды деуге толық негіз бар. Әрі оның Ка­нададағы Үлкен жетілік жиы­нымен бір кезде өтуінің де өзіндік маңызы бары айтпаса да белгілі. Бұл жолы таразы басы ШЫҰ-ның басымдығын көрсетіп берді.

Үлкен жетілік туралы мәлі­меттер жеткілікті. Себебі, бұл ұйым ШЫҰ-дан әлдеқайда бұрын құрылып, жұмысы бір ізге түскен. Негізінен кейбір сарапшылар  Үлкен жетілікті әлемдік экономи­каның басты дирижері санайды. Ал Циндаода өткен бұл саммит ШЫҰ-ның да оңай шағыла қой­майтын жаңғақ екенін көрсетті.

 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын халық­аралық институт есебінде 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары құрды. Ал 2015 жылы оған қосылуға Үндістан мен Пәкістан ниет білдірді. Арада екі жыл өткен соң бір-бірімен қырғиқабақтығына қарамастан аталмыш екі мемлекет осы ынтымақтың толыққанды мүшесіне айналды.

 

Негізінен аталмыш ұйымның іргетасын қалаушылар есебінде Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстанның аты аталады.

Аталмыш ұйымға мүше ел­дердің халық саны планетадағы барлық тұрғындардың жарты­сына жуық. Яғни 3 млрд. адам. Ал Еуразия кеңістігінің 60 пайы­зын қамтитын оның жер кө­лемі 3 мил­лион шаршы шақы­рым. Оның үстіне  аталмыш ұйым­ның белді мүшесі Қытай Халық Рес­публи­касы экономи­касының номи­налды ішкі жалпы өнімі бойынша әлемде екінші держава саналаты­нын да айта кетуге тиістіміз.

Жалпы, бұл ұйымның іргета­сының қалауының алғышарттары сонау 60-жылдары жасалынған. Сол кезде КСРО мен ҚХР көптен бері даулы болып келген шекара мәселесін шешуге ымыраласады. Ал КСРО ыдырағаннан кейін бұл мәселемен тікелей Ресей және Орталық Азия республикалары айналысты. Соған сәйкес аймақ­тық ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктері туды.

Қазір Шанхай Ынтымақтас­тығы Ұйымы әлемдегі ең қау­қарлы экономикалық одақ­тардың бірі саналады. Тіпті, кейбір тарап­тардан оны НАТО-ның оппоненті деушілер де бар. Алайда, ресми мәліметтерге қарағанда, Шан­хай Ынтымақтастық Ұйымына мүше ел басшылары бұл постулатқа келіспейді. Себебі, шынында да ШЫҰ-ның басты мақсаты инте­грация мен өзара экономикалық байланыс­тарда.

Қалай десек те, ұйымның осы жолғы саммитінің жемісті өткенін айта кетуге тиістіміз. Демек, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болашағынан үлкен үміт күтуге болатын институт деген сөз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *