«Шырақтың» қыздары бір қуанып қалды

Нұржамал  ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Адамға қуаныш  пен  жақсы көңіл-күй сыйлағанға не жет­сін. Әсіресе,   тағдырдың жа­зуы­мен, ауру-сырқаудың сал­дарынан  бірі қол арбаға, енді бірі таяққа, енді бірі адамның көмегіне сүйенген  мүмкіндігі шектеулі   жандармен жүздесіп, олармен сырласып тұру    қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жетекшілік ететін Әйелдер ісі, отбасы және демо­графиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның   қалып­тасқан іс-шараларының бірі.

Бұл жолы  комиссия мүше­лері Алмалы ауданы әкімдігі мен   қалалық Ішкі істер депар­таментінің әйелдерге қарсы  зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкер­ле­рімен бірлесіп, қалалық мәсли­хаттың депутаты Ләззат  Қал­таева жетекшілік ететін мүм­кіндігі шектеулі қыз-келін­шек­терден құралған «Шырақ» қоғам­дық қорының мүшеле­рімен кездесті. Кездесуді Алма­лы ауданы әкімінің орын­ба­сары Айнұр  Бекжанова  ашып, жи­нал­ғандарды  қасиетті Рама­зан айымен және алда келе жатқан Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен құт­тық­тады.

Айнұр Серікқызы   Елбасы­ның «Рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласы және «Әлеу­­меттік бес бастамасы» бойынша Алматы қаласында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мен қолға алынып отырған әлеуметтік мәселелерге, жуыр­да ғана толықтырулар мен өзгертулер енгізілген әлеу­меттік  мәселелерге байланыс­ты заң  туралы айтып, ондағы мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар­ға байланысты айтылған жаңа­лықтарға тоқталды. Алма­ты қала­сы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға  көрсе­тіле­тін әлеуметтік  көмектер жө­нін­де айтты.  Осы кездесуде сөз алған аталған комиссияның мүше­лері Майра Мәжитова,  Нағигүл Бейсембина,  Клара  Моисеева   денсаулықтарына қара­мастан, қоғамдық істерге белсене араласып,   кез-келген салада өздерінің  үнін танытып жүрген «Шырақтың» қыз-келіншектеріне ризашы­лықта­рын білдіріп, оларды алда келе жатқан Астана күні мереке­сімен құттықтап, еліміздің елордасы — Астана қаласының бүгінгі жетістіктерінде  әрбір  Қазақстан азаматының қол­таң­басы барын атап өтті.

Кездесу барысында «Шы­рақ» мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектер қоғамдық қоры­ның  төрайымы Ләззат  Қал­таева осындай мерекелі  жүз­десу ұйымдастырып,  «Шырақ­тың» қыз-келіншектеріне көте­ріңкі көңіл-күй сыйлаған комис­сия мүшелеріне, Алмалы ауданы әкімдігіне және өздерін биге шақырып,  мойындарына жібек орамал  таққан   офицер­лерге, осы іс-шараны ұйымдас­тыруға ұйытқы болған комис­сия­ның хатшысы  Нәзира То­ғызбаеваға алғыстарын білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *