ШЫМБҰЛАҚТАҒЫ ТЕГІН ШАҢҒЫ САБАҒЫ

%d0%bb%d1%8b%d0%b6%d0%b8-%d0%ba%d0%b0%d0%b72

Нұрлан СҮЙІН

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қала әкімдігінің қолдауымен 1-11-ші сынып оқушыларын шаңғы тебумен тегін үйрету сабақтары өтуде. Бағдарлама 2018 жылдың 15-ші қаңтарынан басталды.

Үйрену сабақтары  күніне бір сағаттан,  дүйсенбі-жұма  күндері  өткізіл­мек. Керек жабдықтар қо­сымша тегін беріледі. Қатысушы­лардың ата-аналарынан міндетті түрде жазбаша түрде рұқсат, бала­лар­дың туу туралы куәлігінің көшір­месі, мектебінің нөмірі және өздері­нің қатысуы талап етіледі. Әр топта 10 баладан дайындалады. Өтетін орындары мен басталуы: «PІONEER» (бірінші ауысым 10.00-де және екінші ауысым 16.00-де), «Шымбұлақ» (10.00 және 16.00) және «Звездная поляна» (09.30-дан 17.30-ға дейін).

– Бұл сабақтар көктемге дейін жалғасады. Мектеп оқушылары ара­сында «Звездная полянада» өткізіледі. Барлық саны 2 400 адам деп жоспар­лап отырмыз. Осыншама адам 5-7-ші сынып оқушылары арасында да бөлек Шымбұлақта болады. Ол жақта бір топ 5 баладан тұрады, ал сабақтар 4 күн бойы 1 сағаттан өткізіледі. Соны­мен қатар, «PІONEER» отбасылық тау курортында 4-20 жас аралығын­дағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бөлек сабақтар өткізілетін болады. Бұл жерде екі ауысыммен бір топта 10 баладан оқиды, түске дейін – 20 бала, түстен кейін – 20 бала. Әр балаға жеке нұсқаушылар қарасты­рылған. Бір бала 1 сағаттан 10 күн дайындалатын болады, – деді бағдар­ламаға жауапты Ержан Мухаманов.

Үйренем дегендер 2017 жылдың 25-ші желтоқсанынан бастап жазы­луда. Тіркелу үшін olymp_sport @maіl.ru поштасына немесе мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8-775-527-43-87 – Ержан (Шымбұлақ), 8-777-297-57-90, 8-700-297-57-90 – Евгений («Звездная поляна»),  8-707-111-32-17, 8-777-369-16-89 Анна Васько («Пионер»).

«Алматы ақшамы» ақпараттық серіктес болып табылатын «Спорт­тық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Осы бағдар­лама аясында әр жексенбі сайын Медеуде және тегін ашылған мұз айдындарында апта сайын тегін конь­кимен сырғанау сабақтары жүргізі­луде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *