ШЫМБҰЛАҚТАҒЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Белсенді демалысты аяғына шаңғы іліп өткізетін алматылықтар үшін «Шымбұлақ» тау курортында шаңғымен түсу жарысын «Технодом» компаниясы ұйымдастырды. Танымал компанияның тұңғыш рет ұйымдастырған «Tehnodom Skіng Cup» жарысына бұқаралық спортты дамытуды қолға алған Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. Әуесқой шаңғышылар арасында өткен жарыста жас айырмашылығына шектеу қойылған жоқ.

Нұрлан СҮЙІН

Елімізде электрондық және тұрмыстық техникамен қамта­масыз етуші бірегей компа­ния «Технодомның» ұйымдас­тырған жарысына қала әкімді­гімен қатар, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, ҚР Тау шаңғысы федерациясы серіктес болды. Сонымен қатар, «Elektrolux», «Panasonіc», «Hua­weі», «Lenovo» сауда белгілері қолдау көрсетті. Жас мөлшеріне шектеу қойыл­маған шаңғы дода­сына 5 жастан бастаған 300-дей әуесқой қатысып, алты топта сайысты.

Қысқы демалыс түрінде ұйымдастырылған «Технодом турнирінде» келушілердің көңілін барабаншы көтеріп, түрлі сый­лықтар ойнатылды. Жарысты ашып берген Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов салауатты өмірге бет бұрған Алматыға осындай бұқа­ра­лық іс-шаралар қажет екенін айтып өтті.

– «Технодом» компаниясы­ның ұйымдастырып отырған турнирі Алматыда қысқы спорт­тың, оның ішінде тау шаңғы­сы­ның қаншалықты жақсы деңгейде екенін көрсетеді. Осы спорттық демалыстың бұқаралық екен­дігінің айғағы. Алматы әкімдігі осындай іс-шараларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, былтыр қала әкімдігі «Балаларды тау шаңғысына тегін үйрету» бағдарламасын қолға алып, 3 мыңнан астам оқушылар шаңғыға тұруды үйренді. Алматы әкімдігі осынау спорттық іс-шараны ұйым­­дастырып отырған «Техно­дом» компаниясына әрдайым қол­дау көрсетуге дайын. Са­лауатты өмір салтын қалыптас­тыруға, бұқара­лық спортты дамытуға қосылған үлес деп біледі.  «Tehnodom Skіng Cup» жарысы дәстүрлі болады деп үміттенеміз, – деді басқарма басшысы.

Алты топқа бөлініп, сайысқа түскен 300 қатысушының ең жасы 4 жасар Игнат Кулешов болса, ең үлкен әуесқойлар – 64 жастағы Ольга Полыгалова мен 52 жас­тағы Қарлығаш Мақатова болды. Жарысқа қатысқан барлық шаң­ғышылар арасынан 36 жеңімпаз, жүлдегер анық­талды. Олардың барлығына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс­талды.

– Әуесқойлар арасында бұқа­ралық, спорттық жарыстар ұйымдастыру арқылы «Технодом» компаниясы отбасылық құнды­лықтар мен дәстүрлерді алға шығаруға ұмтылады. Байқа­саңыздар, компанияның атауында да «үй» (дом) деген сөз бар. Бү­гін­гі бірінші «Технодом тур­ниріне» де қатысушылар негізінен отба­сымен келіп жатыр. Олар белсенді демалысты, спортты серік еткен жандар.

Негізі, «Технодомда» түрлі спорттан жарыстар ұйымдастыру қалыптасқан және алды дәстүрлі турнирлерге айналды. Мысалы, теннистен әуесқойлар арасында «Tehnodom Open Cup» турнирі тұрақты өтіп тұрады, – дейді «Технодом» компаниясының қызметкерлер жөніндегі дирек­торы Татьяна Дельмас.

Расында да, мегаполистегі нарық қалыптастырушы ірі компаниялардың бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір қалыптастыруға, шаһар эколо­гиясын жақсартуға атсалысуы қуантады. Осы бағытта айтарлық­тай іс-шаралар өткізіп жүрген бірегей компания – «Технодом».

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close