ШЫМБҰЛАҚТА ШАҢҒЫ ТЕБУГЕ ҮЙРЕТЕДІ

Әлеуметтік бағдарлама бастау алды

Алматыда қысқы маусымның басты трендінің бірі – тау шаңғысымен сырғанау. Шаңғымен сырғанау – адамның жалпы физикалық дамуына жағымды әсер ететін белсенді спорт түрі.

Алматы қаласының әкімдігі және «Алматы спорты» әлеуметтік жобасымен бірлесіп 10 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды тау шаңғысы спортынан сырғанау негіздерін тегін үйрету бағдарламасын бастады. Бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға басымдылық беріледі.

Әлеуметтік бағдарлама аясында білікті нұсқаушылар қалай дұрыс, ең бастысы, қарлы беткейлерде қауіпсіз сырғанауды үйретеді. Жаттығу 2019 жылғы 18 қарашадан 13 желтоқсанға дейін. «Шымбұлақ»тау шаңғысы курортында, екі ауысымда жоспарланған Бір балаға 60 минуттан 4 сабақ қарастырылған. Қажетті жабдықтар тегін беріледі.

Бағдарламаға кіру үшін almatysporty.kz сайтына тіркелуге немесе Бөгенбай батыр көшесі, 66 мекен-жайға хабарласуға болады. Сондай-ақ, барлық қажетті құжаттарды сканерленген нұсқада іnfo@arnage.kz поштаға жібере аласыз . Қажетті құжаттар:

  1. Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі, баланың туу туралы куәлігі (2 көшірме);
  2. нақты мекен-жайы, байланыс телефоны;
  3. баланың мектепте оқу ауысымын көрсету керек.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

8 (727) 291 33 24;

+7 (707) 245 72 55;

+7 (707) 343 96 77;

+7 (778) 352 61 41.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *